Техникалық физика

Мамандың шифры:

5В072300

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Бағдарлама сипаттамасы

Техникалық физика – бұл жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды эксплуатациялау және зерттеумен, дайындаумен,  құрумен байланысты  әрекет әдістері мен тәсілдерінің жиынтығынан тұратын  ғылым мен техника аумағы.

«Техникалық физика» бакалавры бағытына механиканың физикалық негіздері, электр және магнетизм курсы, оптика, атомдық және ядролық физика, физикадағы сандық әдістер, физика-техникалық эксперимент әдістері, инженерлік пен компьютерлік графика және басқа көптеген пәндерді оқып үйрену күтіледі.

Бағдарлама мақсаты: Инженерлік ғылым аумағында физикалық білімді қолдана алатын мамандарды дайындау.

Бағдарлама міндеті: қажетті білім мен дағды жиынтығына ие болатын бакалаврларды шығару.

Бағдарлама миссиясы: бакалаврлардың жеке қажеттілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып икемді білім процесін ұсыну

Бағдарламаның ұзақтығы: 4 жыл немесе 8 академиялық семестр.

Сабақ дағдылы жұмыс күндері өткізіледі.

Кредиттің жалпы саны: 129.

Құны ақылы түрде 635800  теңге, грант бойынша оқу тегін.  

Бағдарламаның артықшылығы:

• Әрбір студентке курс пен оқу модулін  таңдау мүмкіндігі берілуі.

• Оқу орыс және қазақ тілдерінде.

• Бірнеше пәнді ағылшын тілінде жүргізуді енгізу. 

• Қазақстанның белді бір жоғары оқу орнының дипломы.  

• Мансапты жоғарылату мүмкіндігі. 

• Жоғары білікті профессорлық-оқытушы құрамы.

• Әрбір студенттің жеке дара тілін табу. 

• Дәріс оқуға жетекші шетел ғалымдары мен профессорларын қатыстыру.

• Оқу зертханаларының заманауи құрылғылармен жабдықталуы.

• Тәжірибие базасының болуы.

• Берілген мамандық бойынша магистратура және докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі. Физика-техникалық институтта, Ұлттық ядролық орталықта, космостық зерттеулер мен технологиялары ҰО, Энергетиканың ҚазҰЗО, Жер және металлаургия ғылыми орталығы, радиология институтында   тәжірибенің болуы.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх