Технологиялық машиналар мен жабдықтар

Мамандың шифры:

5B072400

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)  – мамандығы  үш сала бойынша түлектер шығарады: кен саласы - «Кен машиналары және жабдықтары»; металлургия саласы - «Металлургиялық машиналар және жабдықтар»;  мұнай-газ саласы - «Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары және жабдықтары»

 

Берілген бағдарламаға түсу арқылы сізде технологиялық машиналар және жабдықтардың барлық түрлерін меңгеруге мүмкіндік пайда болады:

- әртүрлі жабдықтардың құрылымын жасаумен, оларды зерттеумен және сынаумен, сонымен қатар түрлі салалардағы  жабдықтарды пайдаланумен айналысады;

- тау-кен – металлургия және мұнай-газ салаларындағы кез-келген технологиялық процесстерде жабдықтар кешенін пайдала алуы үшін қажетті теориялық білім мен біліктілікті жеке өзі сапалы қолдана алу;

- өзінің пән саласында кәсіптік білімге, өндірістік қарым-қатынас негіздеріне және техникалық, қаржылық, адам факторын басқару принциптеріне қол жеткізу;;

 - жалпы білім беру, базалық және профильдік пәндердің (мұның ішінде міндеттелген компонеттермен қатар, мемелекеттік стандарт бекіткен көлемде таңдалған білім беру траекториясы бойынша таңдалатын компонеттер де оқытылады) жиынтық білімін  меңгеру.

      

Кәсіптік қызмет нысандары:

- тау-кен – металлургия және мұнай-газ өнеркәсібіндегі кәсіпорындардағы машиналар, жабдықтар мен технологиялық процесстер;

- жабдықты монтаждау, реттеу, пайдалану, өндіріс процесстерінің, технологиялық процесстің механикаландыру және автоматтандыру құралдарының ақауларын диагностикалау;

- нормативтік-техникалық құжаттама, стандарттау-сертификаттау жүйелері, машина жасау бұйымдарының сапасын сынау және бақылау әдістері мен құралдары, өндіріс тиімділігін оптимизациялау.  

 

Бакалаврлар білім беру бағдарламасының мақсаты: тау-кен – металлургия және мұнай-газ саласы бойынша технологиялық машиналар мен жабдықтар бағытында жоғары білікті мамандарды дайындау.

 

Бакалаврлар білім беру бағдарламасының міндеті:  

- технологиялық машиналар мен жабдықтар саласында интеллектуалды, жалпы мәдениетті және кәсіби компетенттілік деңгейі жоғары біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;

- заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, теорияны заманауи практикамен байлыстыру;

- жалпыинженерлік техникалық пәндердің негізгі заңдарын меңгеру, сонымен қатар технологиялық машиналарды жобалау, құрылымдау, жасау және пайдалану кезінде қажетті болатын теориялық білімді, біліктілікті меңгеру, профильдік пәндерді меңгеруге дайындау;

- технологиялық машиналарды жасау мен жөндеу бойынша слесарлық жұмыстарды орындау мен технологиялық операцияларды орындауға машықтау;

- машина мен жабдықтарды тиімді пайдалану режимдерін таңдау үшін мұнай-газ саласындағы негізгі технологиялық процесстерді меңгеру;

- машина және жабдықтардың құрылымын, жұмыс істеу принципі мен негізгі сипаттамаларын (көрсеткіштерін) меңгеру;

- оларда жүретін процестердің жүру барысын сараптай алу, құрылымдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін критикалық бағалай алу және оларды жетілдіру жолын қарастыру;

- жеке өзі немесе ұжым құрамында, информациялық технологияларды қолдана отырып, жаңа құрылымдарды жасау немесе қолданыстағы үлгілерді жетілдіру; 

 - жұмысты құжаттандыру немесе нәтижелерді өңдеу барысында жазу не визуалды байланыс түрін меңгеру, сонымен қатар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жоғары білікті деңгейде меңгеру. 

 

Біздің түлектер біледі:

- механикалық жабдықты пайдаланудың заманауи әдістерін;

- технологиялық машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшының негізгі құқықтары мен міндеттерін;

- технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды рационалды және қауіпсіз жүргізу бойынша негізгі талаптарын;

- жұмыс қарқындылығын арттыруға арналған компьютерлік құралдарын;

- ауқымды жұмысты механизациялаудың заманауи жағдайы мен даму жолдарын;

- технологиялық машиналар мен жабдықтар пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін;

-  жұмысшыларға қойылатын талаптарды;

- технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жобалау және техникалық құжаттаманың талаптары мен мазмұнын;

- технологиялық жабдықтарды жөндеу әдістері мен түрлерін;

- технологиялық машиналар мен жабдықтарды таңдау мен пайдалануды регламенттейтін нормативтік құжаттарын;

- өндірістік процесстерді бақылаудың электрондық техникасы және өлшеу аспаптары, құралдары мен жүйелерін;

- кәсіпорын және саланың экономикасы, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды.

 

 

Біздің түлектер келесідей жұмыстарды атқара алады:

- машина жетектерін беріктікке және қуатын анықтау есептері, берілген жағдай және өндіріс көлемі үшін оларды таңдауды негіздеу;

- мүмкін кернеу бойынша қаттылыққа, тұрақтылыққа және шыдамдылыққа машина құрылымын есептеу;

- механикалық жабдықты жөндеудің кестесін жасау;

- заманауи әдістер мен есептеу техникасын пайдалану арқылы механикалық жабдықтарды тиімді қолдану мәселелерін шешу;

- қол астындағы жұмысшылардың әрекеттерін квалифициялы сараптау және бағалау, ұжымдағы моральдік жағдайды реттеу, қажетті еңбек және жұмыс атқару  деңгейін қамтамасыз ету;

- технологиялық машиналар мен жабдықтарын пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін бағалау және келтірілген шығын мөлшерін анықтау;

- ұжым құрамында жаңа технологиялық машиналар мен жабдықтарды жобалау;

- өндірістік кәсіпорындар үшін технологиялық машиналар мен жабдықтардың сұлбасын таңдауды негіздеу;

- өндірістік кәсіпорындар аймағының жабдықтарының біркелкі және тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

- зерттеу әдістері мен құралдарын қолдану;

- технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдалану бойынша негізгі нормативтік құжаттарды пайдалану;

- метрологиялық ережелер мен талаптарды пайдалану;

- жұмыс атқарып жатқан кәсіпорын жағдайында техникалық бақылау әдістерін меңгеру;

- ғылыми-техникалық мәліметтерді тиімді іздеу және пайдалану әдістемесін меңгеру;

- қауіпсіз еңбек жағдайларын және апаттардың алдын-алуды ұйымдастыру.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх