Көлік, көліктік техника және технология

Мамандың шифры:

5B071300

Профильді пән:

Физика - Математика

Жеке тұлғалар үшін бағасы:

635 800 теңге / 1 оқу жылына

Заңды тұлғалар үшін бағасы:

715 000 теңге / 1 оқу жылына

Мамандықтың миссиясы

Көлік, көліктік техника және технология оқу бағдарламасының миссиясы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметінің жоғары сапасын көрсету, Қазақстан Республикасының экономикасының көліктік-логистикалық секторы үшін мамандарды дайындау бойынша Болондық процестің принциптерін жүзеге асыру көмегімен ұлттық білім беру кеңістігінде көшбасшылық көрсету болып табылады және университеттің білім, ғылым және өндірістің интеграциясы, университеттің материалдық-техникалық базасының және кадрлық потенциалының нығаюы арқылы университеттің кадрды дайындауды қамтамасыз етуге ұмтылуынан, оқу процесінде заманауи әдістемелерді және технологиялары қолданудан көрінеді.

 

Оқу бағдарламасының мақсаттары

  • Көліктік техниканы жобалау, дайындау, сынау, эксплуатация және жөндеу саласында терең теориялық білімді және практикалық тәжірибені қолдану.
  • Өндірісте және құрылыста көтеру-көліктік жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру бойынша инженерлік білімді, жол құрылысында және жөндеудің және автокөліктік, көтеру-көліктік және құрылыс-жол техникасының алдыңғы қатарлы технология және техникалық құрал базасында сервистік қызмет көрсетуде көліктік-технологиялық процестерді пайдалану.
  • Автокөліктік кәсіпорындарды және өнеркәсіптік, құрылыс және құрылыс-жол кәсіпорындарының өндірістік-техникалық базасын технологиялық жобалауда мәселелі сұрақтарды шешу.
  • Автоматтандырылған есептеу, конструкциялауды жобалау және т.б. заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен жүйені пайдалану практикалық дағдыларын бекіту және тереңдету.
  • Бакалаврлар-механиктердің көліктік кешенде кәсіби қызметке дайындығы және оларда жобалық-конструкторлық бюроның, инженерлік-техникалық қызметтің және өндірістік бөлімшелердің құрамында кәсіподақтық дағдылардың қалыптасуы.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх