Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясы

Мамандың шифры:

5В072500

Профильді пән:

Физика - Математика

Кәсіптік қызмет аумағы:

Кәсіптік қызмет аумағы болып ағаш өңдеу, құрылыс, жиhaз өнеркәсібі,  вагон құрылысы, кеме құрылысы, көпір құрылысы және т.б. табылады.

Кәсіптік қызмет нысанасы:

Кәсіптік қызмет нысаналары болып:  жиhaз фабрикасы, ағаш өңдеу комбинаты, фанера өндірісі бойынша зауыттар, ағаш жаңқалы және талшықтары тақтасы, MDF тақтасы және OSB, ламинатталған тақта, ағаш аралау зауыты, ұсталық құрылыс бұйымдары өндірісі бойынша кәсіпорын, пакеттер, ыдыстар, желімделген  бөрене, шаңғы, музыкалық аспаптар, сызба керек - жарақтары, радиотауарлардың қаңқасы, спортинвентары, тасымал жабдығының бұйымдары, көрнекі және оқу мекемелерінің бұйымдары, асхана және мейрамхана, вокзал, кеңсе және т.б. бұйымдары табылады.

Кәсіптік қызмет көзі

Кәсіптік қызмет көзі – қондырғы, жабдық, шикізат, материалдар жинақтаушы бұйымдар, кесу аспаптары, шаблондар, қажетті саймандар, дайын бұйымдар.

Кәсіптік қызмет түрлері.

«Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындайды:

  • Жобалық – конструкторлық: ағаш және ағаш материалдарынан жасалған бұйымдардың конструкцияларын және дайындаудың технологиялық процестерін жасауына, жоғары білікті маман жетекшілігі, ағащ өңдеу және жиhaзкәсіпорындарын жобалауына болады.
  • ұйымдастыру – басқару: өндірістік тәжірибесі бар болса, жобалау, ұйымдастыру және өндісітік қызмет жүргізетін бөлім және бөлімшелеріне жетекші, ағаш шикізатын тиімді және кешенді қолдану сұрақтарын шешуге қатысуға болады.

- өндірістік-технологиялық: ағаш өндіру өндірістік үдерісін, персоналды басқару, өндіріс цехының түріне байланысты қайта жаңарту жұмыстарын жүргізе алады.

Кәсіби қызмет функциялары: оқу бітіруші өзінің білім дағдыларын қолдана отырып, ағаш өңдеу өндірісінде экономикалық қолайлы шешімдерін талдап, өндірістік орынның тактикалық стратегиялық шешімдерін білетін мамандарының бірі. Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясының мамандығын бітіруші конструктор, технолог, менеджер, ұйымдастырушы және өндірістің жетекшісі, өндірістік - техникалық қызметтің инженрінің қызметін атқара алады және: құрылыс алаңының , цехтың жобалау жұмыстарына айналысу мүмкіндігі бар.

Студенттің орталық оқу білім беру бағдарламасы

  • «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар технологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасы студент орталықты тәсілінің негізі құзыретті тәсіл болып табылады. Басқаша айтқанда, құзыретті тәсіл іргетасты ғылыми қондырғылардың, түсініктері мен терминдердің жиынтығы болып табылады, ғылым, ғылыми шығармашылық, студент орталықты білім беру кезіндегі оқытуды дамытумен қамтамасыз етеді.
  • Студент орталықты оқытуды кезегімен және саты бойынша енгізу үшін ҚжҚМ кафедрасы келесі қадамдарды қолданып жатыр:

Оқытушы және оқу пәнінен акцентті білім алушыға ауыстыру;

  • оқыту тәсілін және оқытушы мен білім алушы арасындағы қатынасты өзгерту, мұнда оқытушы барлық қатысушылар үшін ыңғайлы әрі жеңіл оқу процесіне айналдырады, оқу тобына оқытылатын пәннің жалпы мақсатын түсінуге көмектеседі және оқу процесі кезінде осы мақсатқа қол жеткізу үшін позитивті топтық динамиканы ұстайды. 
  • білім алушыға деген қатынастың өзгеруі – белгілі өмірлік тәжірибесі бар, қабылдау қабілеті, қызығушылығы және қажеттіліктерін ескере отырып оларды тұлға ретінде қабылдау;
  • базалы білімін жоғары деңгейге жеткізу үшін, пәнаралықты ескере отырып, пенді таңдау процесіне білім алушыны тарту;
  • өмір бойы оқу қажеттілігін критикалық ойлау және терең түсінуді қалыптастыратын  аралас оқыту модельдерін енгізу.

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттар:

- Оқуға қабылдау өтініші;

- жалпы орта білім туралы аттестат немесе бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);;

-  3x4 форматындағы фото  - 6 дана;

- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;

- 063 үлгісіндегі егу картасы;

- флюрография түсірілімі;

- жеңілдікке құқылы екендігін растайтын құжат;

- ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;

- грант тағайындалғаны жөніндегі куәлік (ол болған жағдайда);

- жеке куәлік көшірмесі;

- есепке тұру куәлігі (жас жігіттерге) .

 

Сонымен қатар, талапкерлер оқуға түсу құжаттарын онлайн түрінде бере алады

Онлайн оқуға түсу

 

 

 

Поступление КазНИТУ
Наверх