2017 жылғы 28 – 29 қыркүйектегі Офис тіркеушісінің тегін семинары (Алматы қ.)

Қазақстанның Офис тіркеуші қызметкерлерін ЖОО академиялық үдерістерін сүйемелдеу және кредиттік жүйе шеңберінде бизнес үдерістерін оңтайландыру мәселелеріне арналған семинарға шақырамыз.

Аталған семинардың мақсаты – Офис тіркеушінің қызметкерлерінің қарым-қатынас жасауы үшін бірыңғай орын жасау, онда әрбір адам өзекті мәселелерді талқылап, әріптестерімен тәжірибе алмаса алады. Семинар форматына ұйымдастырушы ЖОО басшылығының қатысуымен жалпы панельдік сессиялар, тұсаукесер сессиялары мен кейіннен талқылаулар кіреді.

Сіз тыңдаушы ретінде және семинар спикері ретінде де қатыса аласыз. Егер сізде жаңалықтарды автоматтандыру, оңтайландыру немесе енгізудің табысты тәжірибеңіз болса, мұны көрсетіңіз!

Спикерлер 4 тамызға дейін іріктеліп, хабарландырылады. Семинар бағдарламасы спикерлер тізімін және тұсаукесер тақырыптарын бекіткеннен кейін қолжетімді болады.

Семинарға тыңдаушы ретінде қатысуға тіркелу мынадай сілтеме бойынша қолжетімді. Орындар шектеулі. Семинарға спикер ретінде тіркелу нысандағы өтінімді толтырыңыз және 28 шілдеге дейін orseminar@nu.edu.kz электрондық мекенжайға жіберіңіз.

Өткізу күні және орны: 2017 жылғы 28 – 29 қыркүйек, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы қ., Сәтпаев к., 22а.

Ұйымдастырушылар: «Назарбаев Университеті» автономды ұйымы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетімен бірлесіп ұйымдастырады.

Толық ақпарат пен алдағы уақытта болатын жаңартуларды www.registrar.nu.edu.kz  сайтынан табуға болады. Барлық сұрақтар бойынша orseminar@nu.edu.kz  электрондық мекенжайына жазыңыздар.

205
14 шілде 2017
Наверх