Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ)  ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды:

1.         Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар;

2.         Энергетика және машина жасау;

3.         Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер;

4.         Өмір және денсаулық туралы ғылымдар;

5.         («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер;

6.         Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі;

7.         Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялылық белгісінсіз).

 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес.

 

Жинақтау-талдау департаменті

 

Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар бөлімі,

МҒ 616 бөлме, тел: 257-70-42

1804
17 тамыз 2017
Наверх