Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Абайлаңыз: Менингит!

Қазіргі кезде менингит ауруына шалдығу қаупінің өршіп тұрғаны белгілі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, ата-аналардан өз балаларына, отбасына осы кездерде аса мұқият болуларын өтінеді.

Менингококк инфекциясы – тез, жылдам түрде асқынатын жұқпалы ауру. Оның бактериялары әртүрлі клиникалық түрде білінеді: назофарингиттен (мұрын және тамақ қуыстарының қабынуы) бастап, менингит (ми қабыршықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зақымдануы) түрінде білінуі мүмкін.

Менингиттің алдын алу үшін:

– Адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, мәдени-көпшілік іс-шараларға барудан уақытша бас тарту керек;

– Суық тидіріп алмай, ауа райының реңіне қарай киініп жүру керек;

– Міндетті түрде қайта-қайта қолды жуу керек, ол жұққан микробтардан тазаруға көмектеседі. Әсіресе балалар даладан, қоғамдық орындардан келгенде, тамақ ішер алдында міндетті түрде қолдарын жууы керек, сондай-ақ олар даладағы жануарларды (ит пен мысықты) ұстаған болса, міндетті түрде қолдарын жуғызу керек.

– Өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар. Дене шынықтыру жаттығуларын, таза ауада дем алу және дұрыс тамақтану жодарына мұқият болып, иммундық жүйеңіздің мықты болуын қадағалаңыздар.

– Менингитке шалдыққан адаммен байланыс жасаған болсаңыздар, дәрігердің кеңесіне жүгініп, оның айтқандарын бұлжытпай орындаңыздар, аурудың алдын алу шараларын жасап, ем-дом қабылдаңыздар.

Менингит ауруы бірден асқынуы мүмкін: күтпеген жерден адамның басы ауырып, құсық шалады, 6–15 сағаттан кейін денесі бөртіп, дене қызуы 39–40°С-қа дейін көтеріледі, дірілдеп қалшылдайды. Денесінің терісі бозарып кетеді. Денсаулығы әлсіреп, арқасы мен қол-аяғының ұштары ауыра бастайды. Адамның тәбеті қашып, қатты шөлдейді. Кейбір сәттерде ауру аса қатты білінбей, жай ғана суық тигендей, ангина, грипп, тонзиллит және басқа да аурулардың симптомы түрінде өтуі мүмкін. Осындай кезде өте сақ болу керек. Өйткені денсаулықтың осылай әлсіреген кезінде менингококк адамның ми қабыршығына жылдам түрде өтіп алып, тез асқынуы мүмкін.

Менингит ауруын жұқтыру ошақтары ретінде сол ауруға шалдыққан адамдар мен «ауруды таратушы», яғни өзі ауырмаса да, менингококкты басқаға жұқтырушы адамдарды атауға болады.

Ал енді менингит ауруына шалдыққан кезде не істеу керек? Біріншіден, ДЕРЕУ ДӘРІГЕРГЕ ҚАРАЛУ КЕРЕК!!!  

Бұл аурудың симптомы басқа суық шалған аурулар симптомы сияқты болып, жасырын түрде байқалатынын ескере отырып, ауырған кезде дереу дәрігерге қаралу керек.  Менингит ауруының қандай да бір белгісі білінген кезде пациентті бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызады.

 

Менингит туралы пайдалы кеңестер сілтемелері:

Менингит — жай ғана «бас ауруы емес»: ауруға шалдықтыратын басты қателіктер

Менингит: қауіптілігі және қалай сақтану керек?

Лайфхак: менингиттен қалай сақтануға болады

Менингит қандай ауру және одан сақтану үшін не істеу керек?

Денсаулық сақтау министрлігі менингококктан сақтану жолдары туралы айтып берді

716
5 маусым 2018
Наверх