Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«Алматы қаласы мен Алматы облысының қасиетті жерлерімен танысуға бағытталған халықаралық жазғы мектеп»

Құрметті әріптестер! Сәтбаев университеті Базалық білім беру институтының «Қоғамдық пәндер» кафедрасы тамыздың 1 мен 8 аралығында «Алматы және Алматы облысының қасиетті жерлерімен танысуға бағытталған халықаралық жазғы мектеп» болатынын хабарлайды. Жазғы мектеп «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаламыз бен облысымыздағы мәдени мұраның дамуына ықпалын тигізеді.

Халықаралық жазғы мектеп ағылшын тілінде академиялық профессорлар және зерттеушілермен дәріс, семинар, пікірталас ретінде өтеді, сондай-ақ  мәдени іс-шаралар мен қасиетті жерлерге сапарлар күтілуде. Бұл Алматы қаласының тарихымен танысып, жаңа әсерлер алуға керемет мүмкіндік береді.

Жазғы мектепке қатысқысы келетіндер (500 сөзден тұратын) қысқаша ынталандыру хаты мен өздері жайлы түйіндеме жазып жібереді. Таңдап алынған хат иесі әрі қарай қатысу үшін Тіркелу үлгісі мен нұсқаулықтар алады.  

Мерзімі:

Тіркеу уақытының басталуы: 15 маусым 2018 ж.
Тіркелудің соңғы уақыты: 22 шілде 2018 ж.
Жазғы мектептің өту күндері: 1–8 тамыз 2018 ж.

Барлық шығындарды (халықаралық және жергілікті авиабилет (көлік құны), виза құны, медициналық сақтандыру, тамақтану мен тұрғылықты орын және қосымша шығындар) қатысушы өзі төлеуге міндетті.

Электрондық почта: socialstud.dep@gmail.com

Толығырақ ақпарат

179
26 маусым 2018
Наверх