Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«ECLIPSE» және «PETREL» курстары

Қымбатты тыңдаушылар!

Eclipse және Petrel бағдарламалары бойынша 2018 жылдың 11 қаңтарында өтеді деп жоспарланған курстары 2018 жылдың 5 ақпанына ауыстырылды.

Егер де сіз әлі тапсырыс беріп үлгермеген болсаңыз, осы жаңа кезеңге үлгеретін боласыз. Оған тапсырыс 2018 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданады.

Курстар 2018 жылдың 5–16 ақпан аралығында өтеді. Ақысы – 25 000 теңге. Оқытушы: Абылай Надир (ҚБТУ-дың «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша докторанты).

Курсқа қатысуға тіркелу үшін және толық ақпарат алу үшін, мына үлгіні толтыру керек.

Eclipse – модульдік кроссплатформалық қосымшаларды өндіретін еркін интеграциялық орта. Eclipse өндірілген модульдерді кеңейту үшін қолданылады, кез келген өндіруші Eclipse диапазонын өз модульдерімен кеңейте де, өзгерте де алады. Қазірдің өзінде QNX инженерлері ІВМ-мен бірлесе отырып жасаған Java Development Tools (JDT), C/C++ Development Tools (CDT) және оны қолдану тілдеріне арналған Ada (GNATbench, Hibachi), COBOL, FORTRAN, PHP, X10 (X10DT) құралдары бар. Көптеген кеңшіліктер Eclipse ортасын мәліметтер базасымен, қосымша серверлермен жұмыс жасайтын диспетчерлермен толықтырады.    

Petrel – мұнай өнеркәсібінің барлау және өндіру секторында қолданылатын бағдарламалық платформа. Ол қолданушыға сейсмикалық мәліметтерді интерпретациялауға, ұңғымалардың корреляциясын орындауға, коллектор үлгісін жасауға, коллектор қолданысын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Petrel өз қолданушыларына ұжымдық жұмыста «сейсмикадан бастап өндіруге дейін» пайдалану үшін интеграцияланған жұмыстарды ұсынады, олар өз кезегінде геофизика, геология мен кен орындарын өңдеуді біріктіреді және нақты уақыт режимінде резервуарларды сипаттауға жол ашады.   

1133
17 қаңтар 2018
Наверх