«Ғылым қоры» гранты байқауының өкілдерімен кездесу

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да өндіріс мәселесін ұйымдастыру үшін «Ғылым қорына» грант бөлуге ниет білдірген ғалымдардың кездесуі өтеді. Кездесу мұнай корпусындағы конференц-залда (Сәтбаев көшесі, 22, Масанчи көшесінің қиылысы) 2017 жылы 12 шілдеде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін болады.

Кездесу барысында Қор қызметкерлері грант байқауына қатысу үшін өтінішті қалай және қайда беру керектігі жайлы толық ақпарат береді. Қор қызметкерлері сондай-ақ байқауға қатысты, интеллектуалдық меншік мәселелеріне қатысты сұрақтарға барынша жауап береді.

«Ғылым қорының» қызметі Қазақстан Республикасында ғылыми жобаларды қолдауға, осы ғылыми жобалар негізінде ашылатын өндіріс орындарын іске қосу үшін инвесторларды жұмылдыруға бағытталған.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін коммерциализациялауға арналған жобаларды қаржыландыру үшін өтетін байқауға 2017 жылғы 3 шілдеден бастап өтініш қабылданады. Байқаудың шарттарымен мына сайт арқылы танысуға болады: http://science-fund.kz/

264
5 шілде 2017
Наверх