Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Imagine Hackathon – Алматыда

Алматы қаласындағы MOST бизнес-инкубаторы Сәтбаев университетінің бакалавр студенттерін, магистранттар мен докторанттарды 2018 жылдың 10–11 наурыз күндері өтетін Хакатон іс-шарасына қатысуға шақырады.

Егер де сіздердің ойларыңызда жаңа бір игі бастама пайда болып, оны қалайша іске асыруды білмей жүрген болсаңыздар, онда 10–11 наурыз күндері Microsoft және MOST Business Incubator-дың қолдауымен Imagine Hackathon алаңында өтетін іс-шараға келіңіздер.

Өз командаңызды жиып, ІТ жоба дайындаңыз да, Microsoft Imagine Cup ұлттық кезеңіне қатысыңыздар. Мұнда эксперттер сіздерге бизнес-модель жасауға көмектесіп, жобаның прототипін әзірлеп береді. Ал сіздер кәсіпкерлермен байланыс орнатып, мамандардың берген бағасын тыңдай аласыздар, ал сіздердің жобаларыңыз краш-тест сынағынан өтеді.

Бұл сынақтан өткен қазақстандық екі команда алдағы уақытта АҚШ-та өтетін технологиялық байқаудың халықаралық финалына қатысып, 100 000 американдық доллар ұтып ала алады.

Іс-шараны ұйымдастырушы Microsoft серіктестігі – MOST бизнес-инкубаторы. Келем деушілерге есік ашық. Қатысу тегін. Тек міндетті түрде тіркеуден өту керек!

Тіркелу және бағдарлама: https://goo.gl/forms/MG4J9yb6Oc80Aiv82

761
7 наурыз 2018
Наверх