Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«Innovations & Intelligence» олимпиадасы

2018 жылы 28 сәуірде Алматы қаласының физика-математикалық бағытта білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында т.ғ.д., профессоры Д.Н. Шукаевтің 75 жылдығына арналған программалау бойынша «Innovations & Intelligence» I2 Олимпиадасын өтеді. Олимпиаданы ұйымдастырушысы – Satbayev University-нің Ақпараттық және Телекоммуникациялық Технологиялар Институты.

Олимпиада үш номинация бойынша өтеді:

  • «Программалау» номинациясы. Қатысушы есепті шығару үшін кез-келген программалау тілін қолдана алады.
  • «Ғылыми жұмыс» номинациясы. Қатысушы IT саласындағы әртүрлі бағыттар бойынша өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесін көрсетеді.
  • «Еркін жоба» номинациясы. Қатысушы өзінің ерекше өнімін (Бағдарламалық қамтама, Web-сайт, Құрылғы және басқалар) көрсетеді.

Олимпиада Программасы

8.30 – 9.30 –Тіркелу

9.30 – 10.00 Ашылуы

Сәлемдесу сөзімен АТТИ директоры Мухамедиев Р.И. пен «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Сапарходжаев Н.П. шығады. Өтетін жер: Бас оқу ғимаратының 1-ші қабаттағы фойе.

10.00 – олимпиаданың басталуы (Ұзақтығы 3 сағат).

  • «Программалау», ауд. 1014, 1010 а,б БОҒ
  • «Ғылыми жұмыс», ауд. 1023 БОҒ
  • «Еркін жоба», ауд. 1011 БОҒ

14.00-16.00 АжТТ институты бойынша экскурсия

  • 14.00 - 14.30 Институт презентациясы, Студенттердің ғылыми жұмыстарын көрсету, 535 БОҒ.
  • 14.30-15.30- Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар технологиясы институтының ғылыми-оқу зертханалары бойынша экскурсия.

16.00 – 17.00 Олимпиада қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды жүлделер және естелік сыйлықтармен марапаттау.

Олимпиадаға қатысу үшін 2018 ж. 27 сәуірдің  сағат 17.00 дейін ИТ-Олимпиада сілтеме бойынша тіркелу кажетОлимпиадаға қатысушылар өздерімен бірге суреті бар жеке куәліктерін алып жүруі тиіс. Олимпиада нәтижесі туралы ақпарат 28 сәуір сағат 16.00-де БОҒ алдындығы стендте және 30 сәуір күні http://satbayev.university/ сайтында жарияланады. Барлық сұрақтарыңызды осы электронды мекен-жайға жіберсеңіз болады  ii.ntu.kz@gmail.com.

Олимпиада өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22а, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Бас оқу ғимараты.

 

984
26 сәуір 2018
Наверх