Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түлектері мен магистранттарының назарына!

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ түлектері мен магистранттарының назарына!

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоры «Жас өркен» бағдарламасының аясында білім беру үшін Қазақстанның барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарының 2017 жылғы түлектері арасынан 20 нағыз талантты, белсенді студентті бір командаға таңдап алу үшін байқау жариялайды.

Байқаудың міндетті шарты – компанияның бөлімшелерінде тәжірибелі топ-менеджерлердің басшылығымен 2 жыл көлемінде (ұзақтығы жағынан бес ай) тағылымдамадан өту.

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 2017 жылғы түлектері «Самұрық-Қазына» қорының компанияларына тағылымдамалық бағдарламаға қатысуға шақырылады.

Жеңімпаздарға тағылымдамадан өту үшін компания бөлімшесіне дейін баратын жол шығыны мен тұрғылықты мекен-жай шығыны төленеді, әрі олар ай сайын шәкіртақы (стипендия) алып тұратын болады.

Байқаудың барлық шарттары туралы толық ақпаратты мына сайттан www.skcu.kz/zhasorken алуға болады.   

943
11 мамыр 2017
Наверх