Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Баршаңызды ұлы мереке – халқымыздың тарихын, мәдениеті мен дәстүрін ұлықтайтын қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты мерекені халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді, әрі бұл мереке ұлтаралық қарым-қатынас пен келісімді нығайтуға, ұлттардың бір-біріне деген мейірімін арттыруға септігін тигізіп келеді.

Бұл күні әрбір қазақстандық отбасы береке-бірлікке, молшылық пен шапағат-нұрға бөлене берсін! 

Құрбан айт мүбәрак болсын!

 

Игі тілекпен,

Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры

Бейсембетов Е. Қ.

529
31 тамыз 2017
Наверх