Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорынан байқау жариялайды

2017 жылдың 2 қазаны мен 30 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ғылым, мәдениет және өнер саласындағы Сыйлыққа қатысты жыл сайынғы байқауын жариялайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Сыйлығы талантты қазақстандық жастарға қолдау білдіру мақсатында жылына бір рет ғылым және өнер саласындағы түрлі аталымдар бойынша беріледі:

  • ҚР жас ғалымдарының ғылым мен техника саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен жетістіктері үшін;
  • ҚР жас ғалымдарының мәдениет пен өнер саласындағы жаңа да ерекше шығармалары, бағдарламалары, жобалары үшін.

Байқауға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен мәдениет пен өнер қайраткерлері қатыса алады. Қор сыйлығын алғысы келген жобалар мен жұмыстардың авторларына қойылатын талап — еліміздің ғылым мен мәдени өміріне елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс.

Сыйлық төмендегідей аталымдар бойынша беріледі:

  • ғылым және техника — физика, математика, инженерлік ғылым, экология, Жер жайындағы ғылым, ауылшаруашылық ғылымы, химия, технология, техникалық ғылымдар, медицина және биология, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының рөлі;
  • мәдениет және өнер — музыкалық өнер, театралды өнер, бейнелеу өнері, кинематография, журналистика (радио, телевидение, баспасөз), хореографиялық өнер, эстрадалық және цирк өнері, мұражай ісі, сәулет және дизайн. 

Байқау жеңімпазына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының Лауреаты» деген атақ беріліп, диплом, кеуде белгісі мен ақшалай сыйлық табыс етіледі.

 

826
14 желтоқсан 2017
Наверх