Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

ҚазҰТЗУ-да «Ғылым қоры» өкілдерімен кездесу өтті

12 шілдеде Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Ғылым қоры» өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыруға өтінім беру Қағидалары түсіндірілді.  «Ғылым қоры» АҚ қызметкерлері e-cloud онлайн порталында конкурстық өтінімді қалай толтыру қажеттігін көрсетіп, талаптар мен басым бағыттарды түсіндірді, ғалымдардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Еске салсақ, 23 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің атынан «Ғылым қоры» РННТД коммерциялау жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіндігі туралы хабарлады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жылғы 12 маусым - 2017 жылғы 26 шілде аралығы.

Өтінімдерді толтыру және екі тілде (қазақша/орысша және ағылшынша) толтырылған өтінімдерді тексеру бойынша ҚазҰТЗУ Коммерциялау офисінен консультация ала аласыздар (ҚазҰТЗУ мұнай корпусы, 610-кабинет, тел.: 292 55 40, ішкі тел.: 7223).
627
14 шілде 2017
Наверх