Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Магистратура мен докторантураға түсу үшін ағылшын тілі курстары

Сәтбаев Университетінің Ағылшын тілі кафедрасы Қазақстанның жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасына түсу үшін ағылшын тілі курстарына қабылдау жариялайды. Бұл курс 4 маусымнан бастап, 9 тамыз аралығында өтеді (10 апта), бағасы – айына 15 000 теңге. Әр сабақ 2 академиялық сағат және аптасына 3 рет болады. Оқу әр топта 12 қатысушы жиналғаннан кейін басталады.

Оқуды сениор-лектор Ш.Б. Ермекбаева жүргізеді. Ол оқытушылық саласында 37 жылға жуық қызмет атқарып келеді. Университет қабырғасындағы бакалавриат студенттерімен қатар, магистранттарға да сабақ жүргізеді. Сонымен бірге жыл сайын ғылыми журналдарда мақалалары шығады, әрі республикалық деңгейдегі конференциялар мен семинарларға қатысады.

Курстарға жазылу үшін міндетті түрде тіркеуден өту керек және ағылшын тілінің деңгейін көрсету қажет. Тілдік біліміңіздің деңгейі курсқа тіркелу кезінде көрсетіледі.

Туындаған барлық сұрақтарыңызға жауап алу үшін, келесі телефон номеріне хабарласуыңызға болады: +7 707 111 87 06 (whatsapp) Жібек Нұрша, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Жұмыс телефоны: 257-73-80. 

390
30 мамыр 2018
Наверх