Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша магистратура олимпиадасы

Сәтбаев университеті жоғары оқу орны түлектерінің «6М070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша магистратураға түскісі келетіндері арасында олимпиада өткізеді. Жеңімпаздар магистратураға түсу емтиханынан босатылып, математика пәнінен ең жоғарғы баллға ие болады.  

«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы өте жоғары сұранысқа ие, бұл мамандық түлектерге кез келген салаға жұмысқа тұруға мүмкіндік береді, оның ішінде қаржылық ұйымдарда математикалық және компьютерлік модельдеу маманы немесе сараптамашы ретінде, инновациялық технологиялар саласында жобалау және басқару маманы ретінде қызмет ете алады. Сонымен қатар бұл мамандық New School of Economics Satbayev University-нің біріккен «Математикалық  экономика» бағдарламасына енеді. Ағылшын тілін тереңдете оқу да қарастырылған.

Олимпиада екі тур бойынша 28 наурыздан 18 сәуірге дейін өтеді. Өту тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Олимпиадаға бакалаврдың 4-курс студенттері мен осыған ұқсас мамандықтардың бұрынғы жылдарғы түлектері қатыса алады.

Бірінші тур online режимінде өтеді. Ол үшін https://goo.gl/forms/rYWoDyrzugaySbuG3 сілтемесі бойынша тіркеуден өтіп, электрондық мекен-жай мен бірінші турдың өту тәртібінен танысыңыздар.

Екінші тур өзара әңгімелесу (собеседование) түрінде өтеді (басқа қалалар мен ауылдардан қатысатындар үшін әңгімелесу скайп арқылы жүреді). Осы екінші турдың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, жеңімпаздарға 2-ші және 3-дәрежелі дипломдар табыс етіледі.

Олимпиаданы Базалық білім беру институтының «Математика» кафедрасы ұйымдастырып өткізеді. Ұйымдастыру комитеті сондай-ақ Алматы қаласының басқа да жоғары оқу орындарына барып, олимпиаданың бірінші турын өткізе алатын комиссия құрады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитетіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыздар: 87088003106 – Ләззат, 87780021620 – Динара.

674
5 сәуір 2018
Наверх