Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Медиацияға арналған семинар-тренинг ҚазҰЗТУ-де өтті

2017 жылы 27 қыркүйегінде Ирина Выговскаяның «Медиация институты қақтығыстар мен дауларды шешудің балама жолы ретінде» атты семинар-тренингі өтті. Семинарға университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы шақырылды.

Семинардың мақсаты – келіссөздерді, делдалдықты, дауды сотқа дейін шешуді және өмірдің барлық салаларында жанжалдарды бейбіт жолмен шешу процесін аудиторияға жеткізу. Істердің әртүрлі санаттары бойынша соттарда міндетті түрде болатын алдын ала медиация туралы және медиатор қатысатын келіссөз шеңберіндегі дау-жанжалдарды шешу туралы ақпараттарды алды, сонымен қатар сотқа дейінгі дау-жанжалдарды шешу тәсілдерін қарастырды.

Қазіргі кезде медиация сияқты келіссөздер түрі, яғни келіссөздер бойынша сарапшының қатысуымен істі талқылау түрі, Қазақстанда сот жүйесінен тыс кеңінен қолданылмайды. Алайда, семинар көрсеткендей, бұл тараптардың шығындарын азайтады және қарым-қатынастардағы шиеліністі азайтады, сондықтанда оны тек сотта ғана емес, өмірде де қолдануға болады.

509
4 қазан 2017
Наверх