Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

My Polytech журналы жаңа атауға конкурс жариялайды

Әрбір минут сайын, секунд сайын дүниеде үнемі өзгерістер болып отырады. Сондай өзгерістердің бірі My Polytech журналында да болды. Өздеріңіз байқағандай, университеттің жаңа атауы журналдың сыртқы бетінен орын алды. Әрине, бұл – университет өміріндегі ең басты жаңалық. Міне, осыған байланысты біз журналдың жаңа атауына конкурс жариялаймыз! Жаңа атау қазіргі заманға сай қысқаша ғана, әрі университеттің рухын білдіріп тұруы керек. Егер де сіздің осыған қосар ой-пікіріңіз болса, satbayev.magazine@gmail.com. электрондық мекен-жайға жіберуге болады. Ең үздік аталып, жасампаздық танытқан авторды тамаша сыйлық күтіп тұр!

Біз әрқайсымыз журналдың өте қызықты, мазмұнды болуына бар күшімізді салдық. Өйткені оның ең басты оқырмандары – сіздерсіздер, құрметті студенттер! Келешекте сіздер де өз ойларыңызды, мазалаған мәселелеріңізді немесе жан дүниеңізден тебіреніп шыққан өлең жолдары мен ішкі сырларыңызды осы журнал бетінде жариялай аласыздар! Әзірге бар дайын дүниеңізді біздің электрондық мекен-жайға жіберуіңізді өтінеміз: satbayev.magazine@gmail.com. Біз асыға күтеміз! 

Жаңа нөмір

509
2 қараша 2017
Наверх