Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Нант Орталық Мектебінде оқытушылар академиялық ұтқырлығы (Нант қ, Франция)

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Эразмус+ аясында Нант Орталық Мектебінде «Оқытушылар академиялық ұтқырлығы»  бағдарламасына конкурс жариялайды.

Өтініштер қабылдаудың соңғы күні: 03.08.2017

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Математика, Компьютерлік бағдарламалау, Механика, Робототехника салаларының бірі бойынша ҚазҰТЗУ-да профессор қызметінде болу;

- Ағылшын тілін жетік білу (тіл білу сертификатының болуы)

- Шетелде қызмет ету тәжірибесі (Еуропа немесе АҚШ);

- Дербестік

Бағдарлама ұзақтығы, мерзімі және жағдайлары:

-  2017 жылғы күздік семестрі: қыркүйек пен желтоқсан аралығында 5 күннен 10 күнге дейін
- Жол жүру шығындары: 820 €
- Тәуліктік шығындар: 140 € / 1 күн
-  Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен Нант қаласында қонақ үй брондаумен көмек көрсетіледі.

Керекті құжаттар:

- Резюме

- Ілеспе хат

- Жүргізілетін жұмыстар жоспары

Құжаттарды ағылшын тілінде «Оқытушылар академиялық ұтқырлығы» тақырыбымен электронды почтаға жіберулеріңізді өтінеміз: oms.kazntu@gmail.com

Қатысушылар Нант Орталық Мектебінің шешімі бойынша анықталады

Толық ақпаратпен ағылшын тіліндегі файлдан таныса аласыздар.

873
26 шілде 2017
Наверх