Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша семинар

Жобаларды басқару тобы «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасының талаптарын жариялау және түсіндіру мақсатында бірқатар семинарлар өткізеді.

Семинар ірі және орта кәсіпорындардың басшылары (бірінші басшылар мен орынбасарлар, бас инженерлер және басқа да басшылар), ғылыми ұйымдардың жетекшілері (ғылым жөніндегі проректорлар, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, зертхана меңгерушілері және басқа да ғалымдар), әкімдіктердің өкілдері (индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары), кәсіпкерлік және салалық қауымдастықтар өкілдеріне арналған.

Семинардың күн тәртібі:

  • «Өндірістік сектор консорциумдары» гранттық бағдарламасының таныстырылымы;
  • «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде экологиялық талаптар;
  • Сұрақтар мен жауаптар.

Семинар 2018 жылдың 28 маусымында сағат 14.00-де Мұнай корпусының конференц-залында өтеді. Семинар ұзақтығы: 2–3 сағат.

1036
26 маусым 2018
Наверх