Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«Project management» бойынша шеберлік сағаты өтеді

Сәтбаев университетінде Жобалар менеджерлері клубының кезекті кездесуі аясында 2017 жылы 7 желтоқсанда «Стартап-жобалардағы Рroject management. Techgarden акселераторының көзқарасы» атты шеберлік сағаты өтеді.

Шеберлік сағатын «Инновациялық технологиялар паркі» Автономиялық кластер қорының басқарма директоры Асқар Айтуов өткізеді. Іс-шара барысында ол Қазақстан мен Силиконды Алқапта технологиялық стартаптар жобасын басқару жөнінде жүргізген тәжірибелерінің нәтижелерімен бөліседі. Шеберлік сағатының соңында оның қорытындылары талқыланады.

Шеберлік сағатына қатысу тегін, алайда міндетті түрде алдын ала жазылу керек.

Қатысуға рұқсат алу үшін 2017 жылғы 5 желтоқсанға дейін Жобалар менеджерлері евразиялық клубының Алматы қаласы бойынша хатшысы Дмитрий Бочаровтың almaty_cpm@mail.ru электрондық мекен-жайына хат жазып, онда өз аты-жөніңіз, ұялы телефоныңыздың номерін, қызмет орныңыз бен атқаратын лауазым атауын толық көрсетіңіз. Біз +77772376621 (+WhatsApp) телефоны арқылы жауап береміз.

Шеберлік сағаты 2017 жылы 7 желтоқсанда сағат 18.30-да Сәтбаев университетінің Бас оқу ғимаратында басталады. Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22 (Байтұрсынов көшесі жағынан), 4-қабат, 421-дәрісхана.

1464
16 қараша 2017
Наверх