Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Сәтбаев университетінде PMI Kazakhstan Chapter кездесуі өтеді

2017 жылы 29 қарашада сағат 19.00-де Сәтбаев университетінде PMI Kazakhstan Chapter (Алматы) жобасының қазақстандық өкілдерімен кездесу өтеді. Кездесу барысында Сіздер PMBoK жаңа алтыншы басылымының бұрынғы нұсқаларымен салыстырғандағы айырмашылықтары туралы ақпарат аласыздар.

Кездесудің күн тәртібі:

  • Шеберлік сағаты: «Жобаларды басқару жөніндегі білімді түйіндеу нұсқаулығы» атты басылымға шолу жасау. Қандай өзгерістері барын анықтау.
  • Шеберлік сағатының қорытындысын талқылау.
  • 2018 жылғы кездесу тақырыптарын талқылау.
  • Ұйымдастырушылық мәселелер.

Шеберлік сағатын Мақсат  Әбділдаев, PMP MSc, Жобалау менеджерлерін кәсіптік сертификаттау орталығының директоры жүргізеді (Жобаларды басқару институты, Сәтбаев университеті).

Кездесуге қатысу тегін, алайда міндетті түрде алдын ала жазылу бойынша қатысу керек.

Қатысуға рұқсат алу үшін 2017 жылғы 28 қарашаға дейін Maksat.Abdildayev@gmail.com. электрондық мекен-жайға хат жазып, онда өз аты-жөніңіз, ұялы телефоныңыздың номерін, қызмет орныңыз бен атқаратын лауазым атауын толық көрсетіңіз. Біз +77012111504 (+WhatsApp) телефоны арқылы жауап береміз.

Мекен-жайымыз: Сәтбаев университеті, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22. Бас оқу ғимараты (Байтұрсынов көшесі жағынан), 4-қабат, 421-дәрісхана.

280
14 қараша 2017
Наверх