Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

СҒЗЖ Республикалық байқауы

Жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауының басталуына байланысты, жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік - гуманитарлық және экономикалық ғылымдар жөніндегі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті базалық мамандықтар бойынша Республикалық байқаудың ІІ-ші деңгейге қатысу үшін конкурстық материалдар қабылдауды бастағанын жариялайды:

  1. Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау;
  2. Мұнай газ ісі;
  3. Геодезия және картография;
  4. Пайдалы қазбаларды байыту;
  5. Материалтану және жаңа материалдар технологиясы;
  6. Полиграфия;
  7. Техникалық физика;
  8. Ғарыштық техника және технология;
  9. Автоматтандыру және басқару;
  10. Ақпараттық жүйелер;
  11. Есептеу техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру;
  12. Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері;
  13. Бағалау.    

Ғылыми жетекшілердің назарына, І-ші деңгейден өткен студенттердің ең үздік ғылыми – зерттеу жұмыстарын ІІ-ші деңгейге қатысу үшін 2018 жылдың 20 наурызға дейін түп нұсқасын (СҒЗЖ Республикалық байқауына деп) келесі мекен-жайдың кеңсесіне: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ жіберулеріңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жылда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауының ұйымдастырып жүргізудің Ұсынысында келтірілген талаптарға сәйкес дайындап жасаған жұмыстар ғана қабылданады.

683
1 ақпан 2018
Наверх