Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

«Student energy challenge» зияткерлік байқауын өткізу туралы

«KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттік командаларының арасында энергетикалық міндеттердің әлеуетті инновациялық шешімін ұсынуға «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауын өткізеді.

Байқау туралы ақпаратпен «KAZENERGY» сайтында мына бөлімде танысуға болады: Басты→ Қызметтері→ Білім беру бағдарламасы→Байқаулар. 

Байқауға қатысуға ниет білдіргендер команда құрып, а.ж. 15 мамырға дейін ашық болатын тіркеу нысанын толтыру жолымен (жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша) тіркелу қажет. Бірінші кезеңге өту үшін тіркелген командалар команда және жоба туралы қысқаша бейне-түйіндеме жіберу қажет. Командалардың бейне-түйіндемелерін қарау қашықтықтан командалардың жеке қатысуынсыз жүргізіледі. Іріктеу өткізілгеннен кейін соңғы кезеңге 8 команда өтеді, олар жобасын (толық ақпаратпен) Дүниежүзілік мұнай конгресінің халықаралық конференциясы шеңберінде Астана қаласында 2018 жылғы 2-3 қазан күні қазылар алқасы алдында қорғау қажет. Презентация қорытындысы бойынша 3 команда финалға өтіп, өз жобаларын «Elevator pitch» стилінде таныстырады.

Ұсынылған жобаларды әрі қарай іске асыру үшін жеңімпаз атанған командалар «Шелл Қазақстан» компаниясы атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталады: I орын үшін – 10 000 АҚШ доллары, II орын үшін – 5000 АҚШ доллары, III орын үшін – 3000 АҚШ  доллары.

Сонымен қатар конкурс аяқталған соң 2018 жылғы 4-5 қазанда барлық 8 команда үшін «Ойлаудың жаңа технологиялары» Nxplorers тренингі өтеді.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Жұмадилова Данараға  8 (7172) 79-01-74 телефоны бойынша danara@kazenergy.com жолығуға болады.

918
28 сәуір 2018
Наверх