Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Студенттер арасында «I am the next Satbayev» атты бейнебаян байқауы

Ақжан Машани атын. Базалық Білім беру институты студенттер арасында «Мен – болашақ Сәтбаевпын» атты бейнебаян байқауын өткізеді. Әлеуметтік желілерде өздерінің болашақ мамандық туралы ойларыңмен бейнебаян арқылы бөлісіңдер.

Байқауға Satbayev University студенттері мен магистранттары қатыса алады. Жеңімпаздардың сыйақысы – 65000 теңге (1 орын), 25000 теңге (2 орын), 15000 теңге (3 орын).

 Байқауға қатысу үшін бейнебаянды nextsatbayev@gmail.com почтасына жіберу керек немесе #next_satbayev хэштегімен әлеуметтік желілерде орналыстыру қажет. Ең үздік бейнебаянды анықтау үшін байқау комиссиясының мәжілісі 2018 жылдың 9 сәуірінде сағат 12.00 817 БОҒ-да болады. Жеңімпаздар электронды почта арқылы хабардар болады. Жеңімпаздар 2018 жылдың 12 сәуірінде марапатталады.

Бейне материалдардың мазмұны мен рәсімдеуіне қойылатын талаптар:

  • бейнебаян байқаудың тақырыбына толықтай сәйкес болуы керек;
  • кескіннің ең аз ажыратымдылығы кемінде 1920*1080 пиксел болуы керек (16: 9 пішім); mp.4 форматында;
  • бейнебаянды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізуге болады.

Барлық жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • деяның ерекшелігі мен аудиторияға жеткізу әсері;
  • азмұнды мағынасы және ақпараттылығы;
  • Оператордың жұмысы, монтаждау және дыбыстық рәсімдеу;
  • тың ашылуы;
  • ерекшелігі және жаңашылдығы.

Байланыс телефоны: +77773793329 Оспанов Тәуекел

891
2 наурыз 2018
Наверх