Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

ТДҰА және World IoT summit инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруға байқау жариялады

Инновациялық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған ТДҰА байқауы

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) инновациялық гранттарға өтінімдер қабылдау туралы жариялады. https://natd.gov.kz/ps/news/2259/

Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 06 маусымынан бастап 16 шілдесіне дейін электронды түрде Digital Baiterek (http://digital.baiterek.gov.kz/) интернет-порталында жүргізіледі. Ол туралы толық ақпаратты мына электронды мекен-жайдан білуге болады: www.natd.gov.kz/grants

Барлық сұрақтар бойынша Коммерцияландыру кеңсесіне хабарласыңыз: НК, 610-каб.

 

World IoT summit шеңберінде жобаларды қаржыландыруға арналған  Startup Day байқауы

Tech Garden алғашқы Startup Day-2018 гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға өтінімдер жинау басталғаны туралы қуана хабарлайды.

Байқаудың қорытындысы – жобаларды қаржыландыру туралы оң шешім қабылдау. Бірінші орынға – 2 миллион көлемінде грант алу мүмкіндігі.   Байқауға қатысу үшін өтінімдер http://iotsummiteurasia.com/startup-day электронды мекен-жайға 5 маусымға дейін қабылданады.

Жобалардың бағыты:

  • Ақылды индустрия, индустрия 4.0 (ГМК, Жаңа энергетика және таза технологиялар);
  • Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар;
  • Энергетика;
  • Ақылды орта/ Ақылды қала (интернет заттары, индустриалды интернет, бұлтты технологиялар);
  • Финтех (қаржылық технологиялар).

Іс-шара Астанадағы IoT World Summit Eurasia саммиті аясында 14–15 маусым күндері Тәуелсізік сарайында (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52) өтеді. Міндетті түрде тіркелу керек!

409
30 мамыр 2018
Наверх