Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Үздік және белсенді студенттердің «Самғау-2018» фестивалі

Сіздерді үздік және белсенді студенттердің ХVІ «Самғау-2018» фестиваліне шақырамыз!

Өткізу күні: 2018 жылғы 8 маусым.

Уақыты: 17.00 сағ.

Өткізу орны: М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекетттік академиялық драма театры.

Фестиваль бағдарламасында – үздік түлектерге дипломдарын табыстау, белсенді түлектерді марапаттау, грамота, дипломдарды табыс ету, концерттік нөмірлер.

Университет ұжымы 2018 жылғы түлектерге шын жүректен зор денсаулық, мол табыс тілейді! Алдарыңызға қойған мұрат-мақсаттарыңызға жетіп, шығармашылық жоспарларыңыз жүзеге ассын! Оқу ордасында алған білімдеріңіз болашақ жетістіктеріңіздің кепілі болып, кәсіптік қызметтеріңіздің шыңына жетуге ықпал етсін!

328
1 маусым 2018
Наверх