Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 

Жобаларды басқару жөніндегі бес күндік тренинг

Э. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты 2018 жылғы 2–16 ақпан аралығында «Жобаларды басқару негіздері» атты тренинг курстарын өткізуді жоспарлап отыр.

Тренерлер

Сайран Хамитов, PMP, MSc. Тәлімгер менеджер, бизнес-аналитик, жобаларды басқару жөніндегі тренер. Қазақстанның жетекші кәсіпорындарында (оның ішінде Air Astana, Теңгізшевройл, Банк HSBC, Capital Bank) жобалар мен бағдарламаларға жетекшілік еткен, 15 жыл еңбек өтілі бар. Иллинойс технология институтын бітірген (Чикаго, АҚШ, 2010). Кәсіпкер, PMP сертификаты бар. Саксофонист. Бокстан спорт шеберлігіне кандидат, Ironman.

Мақсат  Әбділдаев, PMP MSc, Жобалау менеджерлерін кәсіптік сертификаттау орталығының директоры жүргізеді (Жобаларды басқару институты, Сәтбаев университеті).

Курс аяқталғаннан кейін R.E.P. PMI (35 байланыс сағаты және PDU – professional development units)Ресми сертификаты беріледі. Бұл PMP (Project Management Professional) біліктілігін алу үшін тапсырылатын емтиханға күнібұрын тіркелуге мүмкіндік береді. Аккредитациядан өткен R.E.P. PMI орталықтың номері №4499. 

Тренинг курсына қатысу үшін және сұрақтар қою үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

+7 (701) 771-68-28 – Зарина

+7 (701) 211-15-04 – Мақсат

Тренингтің күн тәртібін жүктеп алыңыз.

777
30 қаңтар 2018
Наверх