Қаржы-шаруашылық қызмет департаменті

Департаменттің негізгі мақсаттары - бухгалтерлік есептің біркелкі жүргізілуін қамтамасыз ету, ұйым жүзеге асыратын шарттар мен келісім-шарттар бойынша  қаржылық міндеттемелерді орындау, салыстырмалы және шынайы қаржылық есептілікті жасау және оны беру.


Қаржы және есеп департаментінің  негізгі міндеттері:

  • Университет және оның қаржылық жағдайы жайлы толық әрі шынайы ақпаратты қалыптастыру, университеттің шаруашылық қызметі туралы мәліметтермен қамтамасыз ету;
  • Субъектінің шаруашылық қызметті жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпаратпен  қамтамасыз ету.
  • Бухгалтерлік есеп стандарттарына, университеттің есептік саясаты мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес университеттің активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері, кірістері мен шығыстары туралы ақпараттарды жинақтау, тіркеу және айналыста ұстау;
  • Бастапқы құжаттарды, кітаптарды, журналдарды, қолмен жазылған әрі «1С:Бухгалтерия» программалық жүйесінің көмегімен даярланған жазбаларды қосқанда бухгалтерлік жазбалар мен құжаттарды, сондай-ақ университеттің шаруашылық қызметі туралы ақпараттарды құрайтын өзге де материалдарды тиісінше ресімдеу және оларды сақтау, мұрағатта ұстау;
  • Университет қызметкерлері шаруашылық операцияларды жүзеге асырған жағдайда, оларды бекітілген нормалар, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдалану, мүлік пен міндеттемелердің болуы және олардың қозғалысы, мақсатқа лайықтылығы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • Университеттің шаруашылық қызметінің теріс нәтижелерін болдырмау және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін ішкі шаруашылық резервтерін анықтау;
  • Профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми-техникалық, оқу-қосалқы, әкімшілік және басқа да қызметкерлердің саны мен жалақы қорларын перспективті және ағымдағы жоспарлау.
  • Университеттің өндірістік, шаруашылық және  қаржылық қызметін жоспарлау.
  • Университеттің қызметін қаржыландыру.
  • Бухгалтерлік ақпаратты есепке алу әдістерін, сондай-ақ есепке алу ақпараттарын өңдеу технологиясын анықтау;
  • Университеттің белгіленген тәртіптегі есептік саясатын қалыптастыру.
  • Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау.
  • Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жоспарлы номенклатурасын әзірлеу мен оны бекіту.
  • Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және оны бекіту.
  • Конкурс өткізу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және оны өткізу.
  • Баға ұсыныстарын сұрату әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және оны жүргізу.
  • Бір дерек көзінен сұрату әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және оны жүргізу.

 

    Қаржы және есеп департаменті университеттің жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ол ректорға бағынады.

НК 226

7086 (ішкі)

Наверх