Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті (ЖООКББД) дипломнан кейінгі мамандарды – докторанттар мен магистранттарды даярлау жүйесін басқаратын КеАҚ «Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың» құрылымдық бөлімшесі болып табылады, сонымен қатар, мамандардың біліктілік деңгейін арттыру жүйесі болып саналады.

 

ЖООКББД құрылымы үш сектордан тұрады:

  • Магистрлік бағдарламаларды мониторингтеу секторы
  • Докторлық бағдарламаларды мониторингтеу секторы
  • Халықаралық корпоративтік бағдарламалар секторы

 

Департаменттің мақсаттары:

  • Еңбек нарығының сұранысына сәйкес магистранттар мен докторанттарды даярлау үшін қажетті жағдай жасау, ғылым мамандарын даярлауда интеграцияланған білім кеңістігін қалыптастыру;
  • ҚазҰТЗУ-да мамандарды халықаралық сапа стандарттарына сәйкес  даярлау және әлемдік еңбек нарығының басым сұранысын қамтамасыз ету;
  • Ірі өндірістік кәсіпорын, өнеркәсіп және басқа да ұйымдар мамандарының біліктілік деңгейін арттыру үрдісінде қолғабыс ету;
  • Әлемдік білім кеңістігінің өкілдерімен серіктестік қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін халықаралық байланыстарды орнату.
Наверх