Корпоративтік және халықаралық бағдарламалар

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінде Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдің жеке және заңды тұлғаларына арналған білім беру, кеңес беру және сараптамалық қызмет ұсыну бойынша жұмыстар атқарылады.

  • КХБ секторы біздің университет аумағында, сондай-ақ өндірістен қол үзбей тапсырыс берушінің аумағында мамандардың біліктілігін арттыру курстарын өтуге ұсыныс жасайды.
  • Біз кең ауқымды тыңдаушыларға арналған сұранысқа ие техникалық бағдарламалар бойынша курстар өткіземіз. Сіз біздің бағдарламалар бойынша, сонымен қатар арнайы сізге дайындалған бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндігіңіз бар.
  • Біздің университетте мамандықтар мен сіздің біліміңіздің ерекшелігіне байланысты тағылымдамалар ұйымдастырылады. 
  • КХБ секторы техникалық жоғарғы оқу орны, колледж және мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.
  • Оқу тілі өз қалауыңыз бойынша жүргізіледі – қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 
  • Сіз кеңес қызметтерін келесі институттарымыздан ала аласыз:
    • Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ институты
    • Ө. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургиялық институты
    • Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
    • Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты 
    • Т. Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
    • Экономика және бизнес институты
    • А. Машани атындағы Базалық білім беру институты
    • Жоғары технологиялар институты
    • Қашықтықтан білім беру институты
    • Химиялық инженерия институты
  • Сараптамалық баға мен қорытындыны ҚазҰТЗУ қызметкерлерінен және жоғарыда атап көрсетілген инстуттардың қызметіне сәйкес ала аласыз. Егер сізде сарапшының  қатысуын талап ететін жоба, бағдарлама немесе ғылыми тәжірибеңіз болса төменде көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыз.

Анықтама

НК 909

7150 (ішкі)

Анықтама

НК 914

7215 (ішкі)

Наверх