Әл-Машани орталығы

«Әл-Машани орталығы» – әл-Машани бастаған Шығыс ғұламаларының мұраларын зерттеп насихаттауға құрылған. 
Ақжан Машани – университетіміздің үздік бітірген тұңғыш түлегі және бірінші аспиранты, 50 жыл бойы үзіліссіз ұстаздық етіп, мыңдаған инженерлер, ондаған ғалымдар тәрбиелеген ұлағатты профессор. Ұлтымыздың рухани құндылығының қайнары санатындағы әл-Фарабидың қазақ перзенті екендігін дәлелдеген. ҚР ҰҒА құрылтайшысы және оның алғашқы корреспондент мүшесінің бірі.


Ұлы ғалымның тау-кен, геология салалары бойынша қазақ тілінде оқулықтар жазуы мен тау-кен, геология терминдерімен қатар орысша-қазақша сөздіктер жасауы, ғылыми-фантастикалық шығармалары оның жан-жақтылығын көрсетеді. UNESCO шешімі бойынша 2006 жылы Ақжан Машановтың 100 жылдығы кеңінен тойланды.
Сонымен қатар, орталықтың жұмысына Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, геомеханика ғылымының негізін салушы А.Машанидің қолжазбаларын зерттеу бағыттары кіреді.

 

Әбдраман Шәмшиден Әбдраманұлы
Аль-Машани орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Басты оқу ғимараты, №519 кабинет
Тел. 292-28-98 (ішкі 7357)

Бас оқу ғимараты 519

7357 (ішкі)

Наверх