Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) тұтастай алғанда Университеттің оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ҚазҰТЗУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің оқу-әдістемелік жұмыстарына жалпы басшылық және үйлестіруді жүзеге асыру үшін құрылған «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – ҚазҰТЗУ) алқалық басқару органы болып табылады. Кеңес өз қызметінде ҚР "Білім туралы" Заңымен жетекшілік етеді.

 

Кеңес негізгі міндеттерді орындайды:

1. ҚазҰТЗУ оқу процесін қамтамасыз етудің сапа мониторингін әдістемелік ұйымдастыру;

2. ҚазҰТЗУ-да шығарылатын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды және басқа да материалдарды баспаға ұсыну, сараптама ұйымдастыру және жоспарлау;

3. ҚазҰТЗУ-да оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;

4. оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және жетілдіру  бойынша озық тәжірибелерін жинақтау және тарату;

5. біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестациялау, оқу процесінің мазмұнын талдау;

6. сапа менеджменті жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар дайындау және оқу процесіне әдістемелік әзірлемелер нәтижелерін енгізу;

7. ҚазҰТЗУ-да әдістемелік жұмыстарды және әдістемелік комитеттер және комиссиялардың жұмыстарын үйлестіру;

8. университетте қолданыстағы технологияларын, әдістерін, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік бөлімдер мен РОӘК секцияларын жаңа және жетілдіруді енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

9 оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру,

10 педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;

11 білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оларды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

12 ҚазҰТЗУ қызметкерлерінің аттестацияға қатысуы.  

 

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарларының және жұмыс оқу бағдарламаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

2 құрылымдық бөлімшелерінің әдістемелік кеңестерінің жұмыс жоспарлары мен ЖОО бағдарламаларының академиялық күнтізбелерін қарау және келісу;

3 ҚазҰТЗУ-да оқу процесінінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру;

4 университеттің әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу және талқылау;

5 оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдарды, соның ішінде электрондық тасығыштардағы және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру;

6 өндіріс технологияларын және ғылымның басым бағыттарын жобалау негізінде мамандықтар (кәсіптер) тізімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау;

7 оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі нысандарын енгізудің және педагогикалық қызметкерлерге практикалық көмек көрсету мәселелерді қарастыру;

8 элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;

9 пререквизиттер мен постреквизиттерді бекіту;

10 тесттік тапсырмаларды және студенттердің білімін бақылаудың басқа түрлерінің сұрақтарын әзірлеу және сараптама жүргізу;

11 білім алушылардың өзіндік жұмысын және білім алушылардың оқытушының басшылығымен өзіндік жұмысының әдістемелік қамтамасыз ету сұрақтары;

12 оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

13 оқу процесін жоспарлау мен (оқу сабақтарының, емтихан сессияларының кестесі) ұйымдастыру мәселелері;

14 кафедралар, деканаттар, оқу-әдістемелік жұмыстарының жылдық жоспарлары мен есептерін қарау және бекіту;

15 ПОҚ оқу жүктемесін есептеуін, ПОҚ арасында оқу жүктеменің кафедралдық бөлу жоспарын, ПОҚ нақты орындалған оқу жүктемесі, академиялық күнтізбесі туралы мәліметтер қарастыру және бекіту;

16 жұмыс оқу бағдарламаларын жеке пәндер бойынша талқылау және мақұлдау;

17 өндіріс технологияларын және ғылымның басым бағыттарын жобалау негізінде мамандықтар тізімін (кәсіптер) жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау болып табылады.

 

Кеңес құрамы

 

1 Кеңестің құрамы ҚазҰТЗУ оқу-әдістемелік жұмысы қолданысқа енгізілген академиялық бөлімшелерінің, факультеттердің, кафедралардың, құрылымдық бөлімшелердің басшылары өкілдерінен, оқытушылардан құралады. Кеңестің құрамына, сондай-ақ студенттер өкілдері кіруі мүмкін.

2 Кеңес қызметіне басшылықты Төрағасы академиялық жұмыстар жөніндегі проректор жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның жұмысын орынбасары, ЖТД директоры орындайды.

3 Кеңестің дербес құрамы академиялық жұмыстар жөніндегі проректордың ұсынысы бойынша Ректордың бұйрығымен бекітіледі.

4 Кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

 

 

Наверх