Қызметкерлерді басқару бөлімі

Қызметкерлерді басқару бөлімі Әкімшілік департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- университеттегі кадрлардың ағымдағы және келешектегі жоспарланған қажеттіліктері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру, университеттің кадрлық саясаты мен стратегиясын әзірлеу;

- заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес конкурс бойынша жұмысқа қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу, конкурстық комиссияның жұмыстарын дайындау және ұйымдастыру;

- университет қызметкерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, аттестация нәтижелерін талдауға қатысу,  аттестациялау комиссиясының шешімін орындау барысын үнемі бақылауды іске асыру;

- еңбек заңына, басшылықтың ережелеріне, нұсқаулықтарына және бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және босатуды ресімдеу, жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша орнықтырылған құжаттамалар жүргізу;

- біліктіліктерін, жеке және іскерлік сапаларын бағалау негізінде кадрларды орналастыру;

- жұмыспен қамту саласында жұмысшылардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жұмысқа орналасуымен қайта оқыту тәртібін сақтау, орнықтырылған жеңілдіктер мен өтемақылар беру;

- бөлімшелердегі еңбек тәртібін бақылау мен  қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібін сақтауды ұйымдастыру.

НК 204

7020 (ішкі)

Наверх