Қызметкерлерді басқару департаменті

Қызметкерлерді басқару Департаменті (әрі қарай - ҚБД) «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»  КеАҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Мақсаттары:

Қызметкерлерді басқару Департаментінің басты мақсаттары:

- Университеттегі білім беру сапасын арттыру жоғары білікті оқытушылық құрамын жұмысқа алу мен оларды және барлық Университет қызметкерлерін ұстап қалу болып табылады;

- қызметкерлерге арналған автоматтандырылған KPI бағалау жүйесін енгізу;

- қызметкерлерді бағалау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету және білім беру жүйесіндегі ашықтықты арттыру;

- жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстарды, жақын және алыс шетелдердегі ғылыми білім беретін мекемелермен, жетекші ұлтаралық компаниялармен және білім беру саласындағы өндірістік кәсіпорындармен, ғылыми және инновациялық әрекеттерді дамыту және кеңейту;

- Қазақстан Республикасындағы жетекші техникалық ЖОО ретінде университеттің мәртебесін көтеру болып табылады.

 

Міндеттері:

Алдыға қойылған мақсатқа жету үшін Қызметкерлерді басқару департаменті келесі міндеттерді орындайды:

- кадрлық ПАҚ жүйесін күшейту, білім беру сапасын бағалау және есептеу;

- кадрлық құрамның сапалық және сандық мәліметтерін туралы деректерді жүргізу және қалыптастыру мен оларды дамыту;

- ағымдағы кадрлық үрдістерді олардың тиімділігі мен өзектілігіне мониторинг жүргізу;

 

Халықаралық Ынтымақтастық Бөлімінің міндеттері:

- университеттің басымдық бағытта дамуына сай халықаралық өзара қатынастың негізгі бағыттарын анықтау;

- университетпен жасасқанхалықаралық шарттар, келісімдер менхаттамаларды жүзеге асыру. Халықаралықынтымақтастық саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту;

- кафедраларда, институттар мен университет құрылымдарындахалықаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен әлеуеттік мүмкіндіктері бойынша мониторинг өткізу, оларды университеттің халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастығын кеңейтуге тарту;

 

Нормативті құжаттар:

Өз жұмысында қызметкерлерді басқару Департаментітөмендегідей нормативті-құқықтық актілерге сүйенеді:

- 30.08.1995 жылғы Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы;

-  «Акционерлік қоғамдар туралы»2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-IIҚазақстан Республикасыныңзаңы,  29.03.2016 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен;

-  «Білім беру туралы»  27.07 2007 жылғы  №319-111 Қазақстан Республикасының заңы,  09.04.2016 жылғыөзгертулер мен толықтыруларымен;

-«Ғылым туралы»2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV Қазақстан Республикасының заңы, 29.09.2014жылғыөзгертулер мен толықтыруларымен;

-  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасының заңы,  06.04.2016жылғыөзгертулер мен толықтыруларымен;

-«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін мекемелер әрекетінің типтік Ережесі» 17.05.2013 жылғы №499 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 19.12.2014жылғытолықтыруларымен ;

- «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті»16.10.2015 жылғы № 602 Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің бұйрығымен бекітілген ҰАҚ Жарғысы;

-  «Білім ұйымдары іске асыратынхалықаралықынтымақтастықты ұйымдастыру туралы» 2007 жылдың 27 қаңтардағы  №661 ҚР ҒБМ  Ережесі;

-  2011 жылғы 20 сәуірдегі  № 152 Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің бұйрығымен бекітілген оқу процесін кредиттік технология бойынша оқытудың Ережесі, 02.06.2014жылғыөзгертулер мен толықтыруларымен;

-  2011 жылғы 19 қаңтардағыҚазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің кеңейтілген Алқа аясындағы ректорлар мәжілісінде мақұлданған жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы;

-  2007 жылғы 27 желтоқсандағы№ 661 Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министр қ.а. бұйрығымен бекітілген, білім ұйымдарымен іске асқан халықаралық ынтымақтастықты  ұйымдастырудың Ережесі;

- Ректордың бұйрығымен бекітілген, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің академиялық ұтқырлық туралы Ережесі;

- халықаралық қызмет пен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да жетекші материалдар;

-Халықаралық стандарттар сериялар ISO 900: 2008; ISOМЭК 17025

-КеАҚ СТ 38944979-07-2015

- Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дің сапа саласындағы Саясаты;

- Департамент құру туралы ректордың Бұйрығы;

- Университет басшыларының бұйрықтары мен жарлықтары;

-  Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дің сапа саласындағы Басшылық;

- Осы Ереже.

 

 Бөлімше құрылымы

Қызметкерлерді басқару Департаментінің штаты директордан, менеджер, бас маманнан, қызметкерлерді басқару маманынан және халықаралық ынтымақтастық бөлімінен тұрады. Департамент Басшылығын ҚазҰТЗУ ректорының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және босатылатын Директор іске асырады.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі бөлім бастығынан, бас мамандардан, жоғары білікті мамандардан тұрады. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөлуді лауазымдық нұсқаулыққа сай  ҚБД Директоры іске асырады.

 Департамент Директоры Департамент қызметінтікелей басқарады,  ҚазҰТЗУ-дың жұмыс күшіне қажеттілігін ағымдық және келешекке арналған жоспарлауды ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

-  Департамент директоры: жоғары кәсіби білім, ғылым және білім беру ұйымдарында басшылық лауазымда 5 жылдан кем емес еңбек өтілі. IELTS 6.0;

- бөлім бастығы: жоғары білім, бағыт бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, IELTS 5.0;

- бас маман: жоғары білім,бағыт бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, IELTS 5.0;

- маман: жоғары білім,бағыт бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, IELTS 4.5;

 Департамент қызметкерлерінің міндеттерін бөлу лауазымдық нұсқаулыққа сай іске асырылады.

Осы Ереже оның ұйымдық құрылымын, қызметін, құқықтарын, міндеттері мен университеттің басқа да бөлімшелерімен өзара әрекеттестігін белгілейді.

 

Қызметтері:

Қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін ҚБД келесі қызметтерді атқарады:                    

- «HR деректер базасы» жүйесін енгізу және қызметкерлердің деректер базасын одан кейінгі жүзеге асыру тәртібі;

- KPI сәйкес кафедра, институттар мен ПОҚ қызметкерлерінің қызметін бағалау, қызметкерлерді талдау және шешім қабылдау;

- Біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын іске асыру;

- Әрбір қызметкердің біліктілігін арттыру бойынш статистикалық есебін жүргізу;

- Университет қызметкерлерінің қызметін тексеру, жұмыс үрдістеріндегі қателіктерді анықтау;

- Тиімді жұмыс істеу үшін қажетті қызметкерлері құзыреттіліктерін дамыту бағдарламаларын қалыптастыру;

- Университет қызметкерлері үшін сертификаттау және біліктілік емтихан әдістерін әзірлеу;

- Зерттеу жұмыстары және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша ізденістер;

- Рекрутинг және бос лауазымдарға жаңа қызметкерлерді тарту;

- Жаңа қызметкерлерге бейімделу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- Қызметкерлердің ынталандыру бойынша көп деңгейлі жүйесін құру;

- Алдағы жылға арналған жұмыс жоспары ҚБД дайындау;

- Бизнес жобаларын анықтау мен оларды жүзеге асыру;

- Еңбек және технология арқылы жағдай жасау әрбір қызметкердің әлеуетін барынша мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

- Ішкі-нормативтік құжаттар, лауазымдық нұсқаулықтарға, регламенттерін әзірлеу;

- Кадрларды басқаруға байланысты кез келген жұмыс топтары, бағдарламаларға қатысу.

 

Халықаралықынтымақтастық бөлімінің қызметі

  Қызметкерлерді шетелде оқытукелесідей негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

-  бірлескен бизнес-жобаларды әзірлеу және енгізу, шетелдік ұйымдармен тәжірибе алмасу;

- Университет қызметінің әр түрлі бағыты бойынша шетелдік ұйымдармен ұйымдастырушылық-әдістемелік, кеңес берушілік және ақпараттық ынтымақтастық;

- Университет қызметкерлерінқайта даярлаужәнебіліктілікті арттыру, ғылыми тағылымдама,семинарларға қатысу, мастер-класстар, тренингтержәне басқа оқыту шараларын қамтитын қосымша білім беру бағдарламалары бойынша шетелде оқыту;

- шетелдік және халықаралық ұйымдар мен қорлар, ҚР ҒБМ қаржыландырған ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу;

- өзектімәселелер мен бағыттардағыхалықаралықғылыми конференцияларға, конгресстермен басқа да ғылыми шараларға қатысу;

- шетелдік білім беру ұйымдарымен, ғылыми және зерттеу ұйымдарымен бірлескен аналитикалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, өзара қызығушылық тудырған мәселелер бойынша аналитикалық және зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісу;

-  Университеттің ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын іске асыру үшін шетелден жетекші мамандарды тарту;

- Университет қызметкерлерін және білім алушыларды шетелдік білім беру ұйымдарына, ғылыми, техникалық, зерттеу институттарына ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберу.

- ғылыми-педагогикалықжәне әкімшілік қызметкерлермен алмасу,  шетелде Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

- халықаралықшарттар, келісімдермен хаттамалар базасын іске асыру және кеңейту үшінхаттамалық іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіру ;

-  университет базасында басқа да бөлімшелермен бірге халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар, көрмелер және дөңгелек үстелдер өткізу үшін техникалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;

- Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласында халықаралық университеттермен, ұйымдар және қорлармен, дипломатиялық өкілдік өкілдерімен ынтымақтастық бойынша ХЫБ жұмыстарының  нәтижесіне талдау жасау;

- Ынтымақтастықты іске асыру мақсатымен келіссөздер,  ресми және бейресми кездесулер жүргізу, халықаралық серіктестер мен  ҚР құзіретті органдарымен қатынасхаттар алмасу іс-шараларын дайындау және ұйымдастыру (хаттама жазу, техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету);

- келесі жылғаХЫБ жұмыс жоспарын әзірлеу.

 

Жұмысты жоспарлаужәне есеп беру

ҚБД жұмыстарының жылдық есебін Департаменттің жоспарына сай бөлім бастықтары құрастырады және директор бекітеді. Департаментжұмыстарының жылдық есебіесеп-қисап қызметінің жоспары мен Университет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімдерінің есептерін қамтиды.

 Жоғарыдағы басшыларға, университет  бөлімшелеріне және сыртқы ұйымдарға ҚБД қызметін жоспарлау тәртібі және есеп-қисабын ұсыну жұмыстың  күнтізбелік қалыптамасы түрінде беріледі.

 

Өзара әрекеттестікжәне басқа бөлімшелермен байланысы

Қызметкерлерді Басқару ДепартаментіРектор аппараты басшыларының талаптарын орындайды.

Қызметкерлерді Басқару Департаментіөз қызметіндеУниверситеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен, қызметкерлердің кәсіподақ комитетімен, Университеттің қоғамдық ұйымдарымен, сондай-ақ сыртқы ұйымдармен өз құзіреті аясындаөзара әрекеттеседі.

НК 906

7035 (ішкі)

Наверх