Центр туралы

 

Орталық миссиясы: Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылымдық болімшесі бола отырып, ҚазФЭО студенттер мен оқытушылардың кәсіптік және академиялық карьеріндегі өмірлік табыстарын жоғарылату, өндірістік клиенттерді қайта дайындау және электр энергетикасы мен автоматтандыру саласында оқыту жолымен университеттің білім беру үдерісіне өз үлесін қосады.

Орталықтың миссиясы университеттің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстанның инновациялық экономикасы үшін бәсекелестікке төтеп беретін жаңа техникалық мамандар дайындауды қамтамасыз ету – болып табылады.

 

Ол мынадай іс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады:

-  сапалы  білім мен оқыту тәжірибесін ұсыну; ол үшін алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізу, кәсіби қоғамдармен, қауымдастықтармен бірлесе қимылдай отырып, өндіріске, мемлекетке, әлемге қызмет ету;

-  ҚазҰТЗУ ұстаздары мен студенттерінің Шнейдер Электрик компаниясының өндірістік технологияларын қолданудың кәсіби дағдыларын дамыту үшін  білім беру бағдарламалары мен әдістемелерін жасау және жақсарту (контроллерлерді бағдарламалау, ATV312, ATV 71 негізіндегі жиілігі реттелетін электржетектерін қолдану, электр тораптарындағы электромагниттік сәйкестікті талдау, әртүрлі бейтарап режимдері бар схемаларда ақауларды анықтаудың негізгі тәсілдерін оқыту т.б.) ;

- шет мемлекеттерден мамандар шақыру арқылы оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

-  «Жоғары оқу орны - Кәсіпорын» ынтымақтастығын және өндірістік кәсіпорындармен әріптестік қатынастарды дамыту;

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылымдық болімшесі ретінде Орталықтың даму стратегиясы унмверситетпен ықпалдасқан және сапа менеджменті қағидаларын, өз білім беру бағдарламаларын, ENQA стандарттары мен директиваларын пайдалануға негізделген.

Біздің қызметіміздің кепілі мен сапасы ретінде Орталық ИСО 9001:2015 талаптары негізінде басқару жүйесінің,ENQA стандарттары мен директиваларының, білім беру бағдарламаларының нәтижелі жұмыс істеуін өз жауапкершілігіне алады.

 

  

 ЭНЕРГЕТИКА, ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН

ЖҮЙЕЛЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ

SCHNEIDER ELECTRIC – ҚАЗАҚ-ФРАНЦУЗ

ҒЫЛЫМИ - БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ (ҚазФЭО)

САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ.

 

 

Сапа саласындағы ҚазФЭО-ның мақсаты ИСО 9001-2015 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» Халықаралық стандарты белгілеген сапа менеджменті жүйесінің талаптарын барынша толық орындау болып табылады.

1. Жоғарғы кәсіптік білімнің сапасын жоғарылату және Қазақстан өнеркәсібінің әр түрлі салаларын электроэнергетика және автоматтандыру саласында жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;

2. Қолданыстағы оқу бағдарламаларын қайта қарап шығып, қазіргі заманғы, халықаралық стандарттар мен кәсіби қауымдастықтар талаптарына сәйкес келетін  оқу бағдарламаларын жасау;

3. Қағаз негізіндегі өнімсіз ағымдық үдерістерді азайту және шығындарды төмендету үшін і жоғары әсерлі, экономикалық тиімді әкімшілік үдерістерді жасау;

4. Зерттеулер – Орталық ішіндегі және кафедралар арасындағы инновациялық зерттеулерді ынталандыру;

5. Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін үнемі жақсарту;

6. Университет оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу («Электр энергетикасы және технологиялық кешендерді автоматтандыру», «Автоматтандыру және басқару» кафедраларының оқытушылары);

7. Өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамыту негізінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

8. Энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласында тізбекті оқыту кезеңдерін дамыту;

9. Нақты өндіріспен тығыз байланысқан білім беру бағдарламаларын қолданысқа енгізу (оқу жоспарларын жасау);

10. «Жоғары оқу орны - Кәсіпорын» ұзақ уақытты ынтымақтастығы негізінде мамандарды дайындаудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізу;

11. Франция университеттерімен және кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту;

12. Аудиториялар инфрақұрылымын жақсарту;

13. Ғылыми зерттеулер мен қызмет көрсетуге қатысатын  оқытушылар мен студенттер санын көбейту.

 

 

Наверх