Біліктілікті арттыру курстары

Энергетика, электротехника   және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласындағы

Schneider Elecrtic - Қазақ-Француз ғылыми-білім беру орталығы (ҚазФЭО)

 

Орталықтың негізгі мәселелерінің бірі – кәсіпорын қызметкерлері мен ЖОО-ның оқытушыларының біліктіліктерін арттыру курстарын өткізу. Бұл курстар қазіргі заманғы коммуникация тәсілдерін, Schneider Electric компаниясының әлемдік деңгейдегі оқу жабдықтарын қолданып, Халықаралық электротехникалық комиссия стандарттарына сай жүргізіледі.

 

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ

Компаниялар қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау, ақпараттық технологиялар салаларында халықаралық деңгейдегі стандарттарға сәйкес сертификаттау мен аттестациялауды ұйымдастыру мен өткізу.

 

Орталықтағы оқыту әдістемесі техникалық білім саласындағы француз әдістемесіне өте ұқсас.

Білім беру бағдарламаламалары зертханалық жұмыстар модульдері түрінде құрастырылған. Олар 4-сағаттық сабақтарға бөлініп, материалдарды автономды түрде игеруге бағытталған.

 

Оқу-әдістемелік нұсқаулар материалдарды тізбекті және интерактивті қабылдауға бағдарланған және олар теориядан практикаға, содан соң талдауға жеңіл ауысуға мүмкіндік береді.

ҚазФЭО зертханаларында мына мамандықтардың студенттері білім алады және ғылыми жұмыстармен айналысады:

 

Бакалавриат 

5В071800 – Электр энергетикасы

5В070200 – Автоматтандыру және басқару

 

Магистратура

6М071800 – Электр энергетикасы

1303000 - Автоматтандыру және басқару

(Мемлекеттік индустриалды инновациялық даму бағдарламасы бойынша)

Наверх