Зертханалар

ҚазФЭО-да екі  компьютер класы және үш зертхана бар:

- Электрэнергетикалық жүйелерді зерттеу;

- Автоматтандырылған жүйелер;

- Электр схемаларын жобалау мен құрастыру.

 

1) Лаборатория «Электрэнергетикалық жүйелерді зерттеу» нақты физикалық моделдерде электр энергиясын алуды, түрлендіруді және таратуды оқып үйренуге арналған.

Зертхана жоғары энерготиімділікпен ерекшеленетін жаңа тәсілдер мен құрылғыларды жасау және оларды өндіріс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа енгізуге бағытталған зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін жүйелермен жабдықталған. Осы жүйелермен әртүрлі электрлік жүктемелер кезінде электр энергиясының сапасын зерттеуге да болады.

  

 2) «Автоматтандырылған жүйелер» зертханасы бағдарламаланатын контроллерлер көмегімен  технологиялық үдірістер мен энергетикалық кешендерді автоматты басқарудың заманауи әдістері мен құралдарын оқып үйренуге арналған

Зертхана қазіргі заманғы бағдарламаланатын логикалық қонтроллерлермен (Modicon, Premium) жабдықталған. Зерттеулер бағыты – автоматтандыру жүйелеріне арналған ақпараттық және бағдарламалық қамдамалар жасау.

 

 3) «Электр схемаларын жобалау мен құрастыру»   төменгі вольтты энергетикалық жүйелерді жобалауды, құрастыруды және баптауды оқып үйренуге арналған.

Зертханада студенттер өз қолымен электр схемаларын құрастырып, оларды іске қосып көреді. Осы зертханада «Электроэнергетика» мамандығының студенттері оқу практикасын өтіп, ең үздік практиканттарға «Екінші разрядтағы электромонтер» куәлігі беріледі.

Наверх