Серіктестіктер

ҚазҰТЗУ

ҚазҰТЗУ – Қазақстан Республикасының ең ірі техникалық оқу орны. Онда еліміздің негізгі экономикалық салаларына жоғары  инженерлік-техникалық мамандар дайындалады. Университет 1934 жылы құрылған және қазіргі күнде 11 институтты біріктіріп, 41 мамандық бойынша білім беру қызметін атқарады. Қазір университетте 15000 студент оқиды.

ҚазҰТЗУ  университеттердің Болонья Ұлы Хартиясына қол қойған.

 

ҚазҰТЗУ инновациялық университет мәртебесіне сай өзгерістерге ұмтыла отырып, алдына төмендегідей мәселелер қояды: 

 - Университет түлектерінің біліктілік деңгейі энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету саласындағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуы;

- оқытушылар біліктілігін үздіксіз жетілдіру;

- Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту негізінде білім беру бағдарламаларын жетілдіре түсу;

-  ғылыми қызметті жүзеге асыру.

 

КазНИТУ

 

Schneider Electric

Шнейдер Электрик, энергияны басқару саласындағы әлемдік деңгейдегі компания жаңа кешендік шешімдер ұсынады. Бұл шешімдер энергетикада, инфрақұрылым нарығында, өнеркәсіпте, ғимараттар мен тұрғын үй секторларында деректер мен тораптарды басқару орталықтарында қауіпсіздіктің, сенімділіктің, тиімділік пен өнімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Энергияны басқару саласындағы қызмет қөлемін кеңейте отырып Шнейдер Электрик компаниясы энергияны: Қауіпсіз – Сенімді – Тиімді – Өнімді жасай түседі.

Шнейдер Электрик өзінің Шнейдер Электрик Қазақстан еншілес компаниясымен серіктестікке кіреді.

 

 

Франции Францияның ұлттық жоғары білім және зерттеу министрлігі

 

Францияның ұлттық жоғары білім және зерттеу министрлігіндегі европалық және халықаралық қатынастар мен ынтымақтастық дирекциясы (әрі қарай - DREIC) әртүрлі елдердің білім беру жүйелері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуларды реттеп және ұйымдастырып отырады.

DREIC-тің «Халықаралық  мобилділік, тораптар мен кәсіби білімді дамыту» Департаменті кәсіби білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда ерекше міндеттерді атқарады. Ол міндеттер «Жоғары оқу орны – Кәіпорын» ынтымақтастығына негізделген.

 

 

Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдауымен

Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық бөлімі (әрі қарай – Елшілік) екі елдің мәдениет, жоғары білім және ғылым, көптілділік салаларындағы жақындасуына бағытталған саясат жүргізеді. «Жоғары білім» бөлімінде Елшілік техникалық білім мен кәсіби оқытуға ерекше назар аударады.

 

 

 

        

Наверх