Мемлекеттік сатып алу басқармасы

Мемлекеттік сатып алу басқармасы

 

Жалпы ереже

 

Мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі – МСАБ) «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу басқармасын «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ ректорының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын бастық басқарады. Өз қызметінде МСАБ «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ корпоративтік даму жөніндегі проректорына бағынады. МСАБ – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше болып табылады. Өз қызметінде МСАБ:

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» қолданыстағы заңын;

- «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Жарғысын;

- «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын;

- «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ Сапа бойынша нұсқауын және университеттің             сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) басқа да нормативтік құжаттарын;

- «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ бұйрықтары мен өкімдерін;

- осы Ережені және «ҚазҰТЗУ» КЕАҚ басқа да нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

 

Негізгі міндеттері

 

Мемлекеттік сатып алу басқармасы өз қызметінде:

- мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу мен бекітуді;

- мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру әдістеріне сәйкес, жеткізушіні таңдау және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасауды;

- мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негізінен мынадай принциптерге негізделеді:

- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

- мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндік беру;

- мемлекеттік сатып алу үдерісінің ашықтығы мен айқындығы;

- әлеуетті жеткізушілердің арасындағы адал бәсекелестік;

- отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ отандық жұмыс пен көрсетілетін қызметті жеткізушілерге қолдау көрсету;

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

- инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

НК 203

7077 (ішкі)

Наверх