Тіркеуші кеңсесі

Тіркеуші кеңсе Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылымдық бөлімшесі, оқу-әдістемелік жұмыстары және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорға бағынады.
    Тіркеуші кеңсе білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркейді және білімді бағалаудың барлық түрлерін ұйымдастырады, академиялық рейтингісін есептейді, білім алушылардың контингентінің қозғалысын есепке алады және статистикалық есеп беруді дайындайды.

ТК негізгі мәселелері:
    • білім алушылардың жеке оқу жоспарларын құруды ұйымдастыру және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларының орындалуына бақылау жасау;
    • аралық білім бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу (GPA);
    • білім алушылардың барлық оқу мерзіміндегі оқу жетістіктерін тіркеу және есепке алу;
    • қосымша оқу түрлерінде қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, академиялық қарыздарды және оқу бағдарламаларындағы айырмашылықтарды жою үшін жазғы семестрді ұйымдастыру;
    • курстан курсқа ауыстыру туралы, мемлекеттік шәкіртақыны, мемлекеттік атаулы шәкіртақыларды және ҚР Президенті белгілеген шәкіртақыларды тағайындау туралы және жол жүруге өтем ақыны төлеу туралы бұйрықтарды дайындау;
    • негізгі білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін объективті бағалау үшін білімді, қабілеттілікті және дағдыларын бақылаудың тестілік технологияларын енгізуді ұйымдастыру;
    • университеттің бақылау-өлшеуіш материалдарының және технологияларының электронды қорын (банкін) құру;
    • бос мемлекеттік білім гранттарын тағайындауға құжаттарды дайындау;
    • университеттегі білім алушылардың контингентінің қозғалысын тіркеу және есепке алу;
    • білім алушылардың үлгерімі және контингентінің қозғалысы бойынша мемлекеттік есеп беру формаларын толтыру;
    • транскриптттерді, академиялық анықтамаларды дайындап беру және берілген дипломдарды растау;
    • білім алушылардың жеке іс-парақтарын қабылдау, архивке дейінгі сақтау, жіберу.

ОР 1

7116 (ішкі)

Наверх