Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

1991 жылдың 1 желтоқсаны еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып қалады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасында алғаш рет бүкілхалықтық Президенттік сайлау өткен болатын. Бұл тарихи күн еліміздің ширек ғасыр бойы алға қарай даму жолын анықтады. Бүгінде бүкіл дүние жүзі Қазақ елін экономикасы, мәдениеті мен ғылымы дамыған, бейбіт сүйгіш мемлекет ретінде таниды. Есбасының парасатты да өнегелі басшылығы мен салиқалы саясатының, әрі ғылым мен білімнің қосқан сүбелі үлесінің арқасында Қазақстан әлемнің аса дамыған елдері қатарына нық сеніммен енеді.

Сіздерді салтанатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

 

Құрметпен, Сәтбаев университетінің

Ректоры Ескендір Бейсембетов

928
30 қараша 2017
Наверх