Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
3d-дизайн, 2D-Art және сәулет жобалары жөніндегі республикалық байқау басталды

3d-дизайн, 2D-Art және сәулет жобалары жөніндегі республикалық байқау басталды

Сәтбаев университеті анимация шеберлеріне, сәулетшілер мен суретшілерге арнап ұйымдастырып отырған республикалық #Pixel байқауының жұмыстары үстіміздегі жылдың 10 қаңтарынан 15 наурызына дейін қабылданады.

Мұндай тамаша өнер байқауы Қазақстанда алғаш рет өтейін деп отыр. Байқаудың нәтижесінде ұйымдастырушылар елімізде тұңғыш рет 3D-бейнелі кітапхана ашып, дизайн мен сәулет өнері саласында жаңа бағыттар дамытуға арналған алаңдарды ұсынбақшы, сөйтіп аталмыш байқауды еліміздегі аниматорлар, дизайнерлер мен сәулетшілер өміріндегі ең бір керемет уақиғаға айналдырмақшы.

Атап өткендей, байқаудың ұйымдастырушысы – Сәтбаев университеті. Онда 2009 жылдан бері Орта Азиядағы ең қуатты, ең күшті суперкомпьютер орнатылған, оның базасында Қазақстандағы ең ірі рендер-ферма салынып, міне, 10 шақты жыл шамасында қазақстандық мультипликацияны дамытуға зор үлес қосып келеді. Суперкомпьютердің көмегімен жасалған қазақстандық алғашқы тамаша туынды – толықметражды 3D-мультфильмі «Ер Төстік пен Айдахар». Ол он айдың орнына небары үш-ақ айдың ішінде шығарылды.

Ал енді байқауда қаралатын үш номинацияның біріне қатысуға болады:

  • Best 3d-Animation – үш өлшемді роликтер байқауы. Толық шығармашылық еркіндік беріледі!
  • Best Superhero 2D-Art – Қазақстандық Жаңа супербатырдың ынта-жігер, қабілеттеріне арналған бейіндемелер байқауы.
  • Best Concept Project – өз қаласының тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын азаматтарға арналған байқау. Өзіңіздің көңіліңізге қонымды байқау түрін таңдап алыңыз да, оны әрі қарай дамыту туралы концепт жасаңыз. Әсіресе ең шабытты жұмыстар мен инновациялық технологияларға тамаша қолдау көрсетіледі!

Байқаудың Бас демеушісі – Lenovo компаниясы жеңімпаздарға өз тарапынан тамаша сый-сыяпат дайындап қойды.

1-орын

  • Өнімділігі жоғары ноутбук (портативті жұмыс станциясы) Lenovo ThinkPad P51.

Қуатты процессор, видеокарта NVIDIA Quadro, дисплей IPS, 4K-ға дейін рұқсат етілген. Модель экраны жоғары рұқсатпен, сәнді етіп жасалған, процессор соңғы 7-ші үлгі бойынша, PCIe шинасында қатты денелі жинақтауышпен жасалған. Тіпті түс таңдайтын «X-Rite Pantone» калибраторы біріктіріле салынып, ISV сертификаты берілген. ЕСС есте сақтаулығы DDR4.

  • Intel Xeon X5550 процессорлы және 6 ай бойына 16gb RAM оперативті есте сақтағышы бар 4 компьютерден тұратын кішігірім рендер-фермаға қол жеткізу.
  • Алдыңғы қатарлы БАҚ-тардың біріне жеке сұхбат беру.

2-орын

  • жіңішке, жеңіл, портативті ноутбук Lenovo Ideapad 710s 13.3.

Бұл  ноутбук батареясының бір ғана зарядымен күні бойы жұмыс істеуге қабілетті, сонымен қатар ол аса жоғары жылдамдықты желілі Wi-Fi протоколы мен жоғары сапалы көлемді дыбыс технологиясын қолдана алады. Бұйымның деталі де таңданарлықтай –  дисплейі ультражіңішке рамкалы, бәсекеге қабілетті модельдермен салыстырғанда екі есе жұка.  

3-орын

  • Планшет Lenovo Tap 4 Plus 10.

Бұл бұйымның қалыңдығы небары 7 мм, салмағы 475 г. Артқы және алдыңғы жағындағы әйнекті панель стильді корпусқа орнатылған. Планшет өте ұзаққа төзімді, екі қабат етіп жасалған әйнекті қорғанысы соғылу мен сызаттан сақтайды.

Байқауға қатысушылардың жұмысына индустрияның кәсіби мамандары мен салалық трендсеттер өздерінің жоғары бағасын береді:  

Болат Құспанғалиев – ҚР-ның құрметті сәулетшісі, «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты, МААСВ академигі, Highvill Astana және Apple Town тұрғын үй кешендерінің авторы. Жас сәулетшілердің бірнеше ұрпақтарын тәрбиелеп шығарған, Қазақстандағы атақты сәулетшілердің бірі.

Рустам Тұралиев – режиссёр, 3D-дизайнер және аниматор, 3D форматында тұңғыш рет қазақстандық толықметражды «Ер Төстік пен Айдахар» анимациялық фильмін түсіруші. Turrus анимация студиясының негізін қалаушы және директоры.

Әлихан Байқоңыров – кәсіпкер, қоғам қайраткері және блогер.

Данияр Нұрсейітов – физика-математика ғылымдарының кандидаты, зертхана меңгерушісі, ақпараттану, есептеу техникасы және басқару саласының доценті.

Орталық Азия, Әзірбайжан және Монғолиядағы Lenovo Бас менеджері  

 

Тіркелу үлгісі мен жұмыстарға қойылатын талаптар мына сайтта: www.satbayev.university

Жұмыстар 15 наурызға дейін қабылданады.

Байланыс телефондары:

Константин +7 (707) 372-67-89,

Зарина +7 (701) 762-61-62, +7 (727) 292-02-65 (ішкі 7214).

Сәттілік тілейміз!

691
30 қаңтар 2018
Наверх