Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Ұлттық атом компаниясында жұмыс істеуге жол ашатын бейінді магистратура грантын ұтып ал

Ұлттық атом компаниясында жұмыс істеуге жол ашатын бейінді магистратура грантын ұтып ал

Кәсіптік білім алуға және ұлттық атом компаниясына жұмысқа орналасуға керемет мүмкіндік!

«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КЕАҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы келісім-шарт аясында үздік студенттерді тартуға және ҚР өнеркәсібіне қажетті жоғары білікті кадрлар даярлау үшін келесі мамандықтар бойынша мақсатты магистратурада тегін оқуға 30 грант беріліп отыр:

1. «6М070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»;

2. «6М070200 – Автоматтандыру мен басқару»;

3. «6M072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы».


Аталған грант оқу мен жатақхананың ақысын толық камтиды және кейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-қа жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ магистратурасына оқуға түсу үшін http://kb.kaznitu.kz/ сілтемесі бойынша 2017 жылғы шілденің 10-ы мен 25-і аралығында тіркелулеріңізді сұраймыз.

Тіркеуден өткен соң «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ магистратурасына құжаттарды қабылдау 2017 жылғы шілденің 10-ы мен 27-сі аралығында келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Сәтбаев көшесі 22 (Масанчи көш.қиылысы), Мұнай  ғимараты, 914 кабинет.

Оқуға түсу емтихандары 2017 жылғы тамыздың 10-нан 20-на дейін өткізіледі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ магистратурасына оқуға қабылдау 2017 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.

 

Байланыс ақпараты: 

+7 (727) 292 5861

ainura.zhub@gmail.com

2152
22 маусым 2017
Наверх