Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Бағдарламашыларға арналған тегін магистратура. Оған қалай түсуге болады?

Бағдарламашыларға арналған тегін магистратура. Оған қалай түсуге болады?

Сәтбаев университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде магистратурада оқуға талантты ІТ-мамандарды таңдап алу үшін байқау жариялайды. Олар оқуға түскен алғашқы күннен жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және Қазақстанның ірі-ірі компанияларында ғылыми жобаларын іске асыра алады.

Бізге кім керек?

Университетті ІТ-мамандығы бойынша бітірген, әрі ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде меңгерген бакалаврлар қажет. Әсіресе төмендегі технологияларды меңгерген мамандарға ерекше ықылас беріледі:

  • ASP .NET
  • Microsoft SQL Server
  • SQL/Transact-SQL
  • Angular

Жеңімпазды не күтіп тұр?

  • Еліміздегі алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының бірінде ақпараттық технологиялар саласы бойынша қазіргі заманға сай терең білім алып  шығады;
  • Oracle, IBM, Microsoft бағдарламаларын терең меңгерген мамандардан білім алып, мол тәжірибе жинап шығады;
  • Ақпараттық жүйелерге, FPGA programming, web development және т. б. сараптама жасау мен оларды модельдеу жөнінде практикалық тәжірибе жинайды;
  • Бағдарламамен қамтамасыз етуді өндірумен айналысатын дүниежүзілік өндірушілерден өнеркәсіптік сертификат алады.  

Магистратураға оқуға қалай түсуге болады?

  • Онлайн формасын толтырып, тіркеуден өту керек (тіркеуден өткеннен кейін сізге бейіндеме тестің сұрақтары жіберіледі).
  • Магистратураға түсу үшін құжаттарды тапсыру керек. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2018 жылғы 2 шілдеден 31 шілдеге дейін (толығырақ мына сілтемеден оқыңыз). Ертерек тіркелуге болады.
  • Кәсіби біліктілік пен дарындылығыңызды тексеру үшін бейінділік тесттен өту керек, ол бірнеше кезең бойынша 2018 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін жүреді. Тест нәтижесі бойынша Skype арқылы онлайн түрде бетпе-бет сұхбаттасу өтеді. Тест нәтижелері мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырған кезде есепке алынатын болады.
  • Ағылшын тілінен кешенді емтихан тапсыру керек. Тест тапсыру 2018 жылғы 10–15 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тест тапсыру орталығында өтеді.  

Грант бөлу мәселесін компьютерлік технологияның әртүрлі саласы бойынша білікті мамандардан құралған эксперттік кеңес шешеді.
Оқу мерзімі – 2 жыл. Оқу күндізгі бөлімде жүреді.

Байланыстар:
+7 (727) 257-70-74
+7 (727) 257-71-92
+7 (701) 764-10-82
itt@satbayev.university

1609
25 маусым 2018
Наверх