Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Cirque du Soleil циркінің қарлығашы ҚазҰТЗУ-ға келді

Cirque du Soleil циркінің қарлығашы ҚазҰТЗУ-ға келді

Үстіміздегі жылы 10 тамыз күні Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Cirque du Soleil циркінің бұрынғы қарлығашы, гимнаст Гаухар Ахметовамен кездесу өтті. Талантты өнерпаздың өнерін тамашалау үшін Университет маңындағы ашық алаңға Алматы қаласының жасөспірімдері мен оқушылары жиналды. Кездесу барысында Гаухар өзінің табысқа, сәттілікке қалай қол жеткізгені жайында және атағы бар әлемге мәшһүр болған цирк құрамына келіп, қалайша оның қарлығашы атанғаны жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар ол өз қорқынышын қалайша жеңіп, осыншама биіктерді қалай бағындырғаны жайында да қызықтап әңгімелеп берді.

Цирк труппасы Гася деп атап кеткен қазақ қызы Гаухар небары 4 жасында өзінің акробаттық өнер жолын бастаған екен, ал du Soleil циркінің құрамына ол 17 жасында келіпті. Мұнда ол «Варекай» шоуының құрамында болып, сол жерде болашақ күйеуімен танысады.

Қазір Гаухар өз отбасымен бірге Нью-Йорк қаласында тұрып жатыр, Голливудта өтетін IRIS шоуына кішкентай екі баласымен бірге қатысып, шеберлігін шыңдай түсуде.

Сыған тілінен аударғанда «Варекай» – «қайда болса да» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да Нью-Йоркте, Қазақстанда, циркте, ғылымда, жаңа технологияда – қайда болса да, адамға ең алдымен жігерлік, еңбексүйгіштік, алған бетінен қайтпайтын қайсарлық қажет. Әрине, жақсы ұстаз бен жақындардың қолдауы мұндайда ауадай қажет.

Егер де сіз жаңа технологиялар әлемінің қарлығашына айналғыңыз келетін болса, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сіздің қанатыңызды қатайтып, әрқашан да биікке ұшуға, жаңа ғылыми жаңалықтар ашуға дем беріп отырады.
885
24 тамыз 2017
Наверх