Университет жаңалықтарына жазылыңыз - Polytech@LIVE

 

Жеткізілім бөлімін таңдаңыз:

 
Ерлік ешқашан ұмытылмайды...

Ерлік ешқашан ұмытылмайды...

Ұлы Отан соғысындағы ерліктер жылдан-жылға алыстап барады десек те, ол туралы талай-талай естеліктер мен жыр-дастандар жазылуда. Дүние жүзін фашизм езгісінен азат еткен халықтың жауынгерлік ерлігін адамзат ешқашан да ұмытпайды.

Ұлы Отан соғысы жылдары – тарихтың тек драмалық қана емес, жаугершілік те заманы болып саналады. Өйткені Отан үшін от кешкен миллиондаған адамдардың жауынгерлік ерлігі мен жанқиярлықтың үлгісі дәл сол жылдармен тығыз байланысты. Сондықтан да біз ол жылдардан алыстаған сайын, соғыстың тарихи мәні мен маңызын тереңірек түсінеміз.

Отан қорғаушылар қатарында сол кездегі Қазақ тау-кен-металлургия институтының (қазіргі Сәтбаев университеті) өкілдері де болғанын мақтанышпен айта аламыз. Соғыс жылдарында институттың 200 студенті өз еріктерімен майданға аттанса, оларға басшылық жасап институт директоры А. Коктов, партия ұйымының төрағасы М. Құрманғалиев және оқуды енді ғана бітірген 12 түлектер бірге аттанды.

Қаһарлы соғыс жылдарында ҚазТКМИ жанынан әскери үйірмелер құрылып, онда әскери дайындық жұмыстары, парашютистер, гранатометшілер, пулеметшілер мен артиллеристер даярлайтын әскери-спорттық секциялар кеңінен жұмыс жасады. Тек 1942 жылдың өзінде ғана ҚазТКМИ қабырғасында 40 пулеметші, 300 атқыш, 30 мотоциклші, 35 байланысшы, 40 автоматшы қыздар, 50 медбике, 50 «қоян-қолтық ұрыскер» және 30 танк жойқындаушы даярланды. Біз қазір институттың Кеңес Одағының Батырлары атанған қызметкерлері мен түлектері: М.Б. Баймұхановтың, М.Г. Губанов, В.А. Засядько, Н.Д. Маркелов, А.Г. Торопкин, Н.И. Ященконың есімдерін аса абыроймен еске аламыз.

Майданға аттанған көптеген студенттер соғыс аяқталғаннан кейін институтқа оралып, оқуларын сәтті түрде аяқтап, бірі ғылымды шыңдауға кіріссе, енді бірі ұстаздық қызметпен айналысты. Ал өндіріс орнын таңдап алған мамандар еңбекте жоғары нәтижелер көрсетіп, майданда алған тәжірибелерін теориялық түрде іске асырды. Ал майданнан аман-есен оралған профессорлар мен оқытушылар республика экономикасына қажетті инженер кадрларын даярлау мен ғылыми зерттеуші мамандарды даярлауда аянбай еңбек етті. 

Еліміздегі ең алғашқы инженерлік жоғары оқу орнының тарихы – өнеге тұтарлық. Оның өмірі соғысқа дейінгі, соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі кезеңдерде болған көптеген оқиғаларға өте бай.

Бүгінгі күні Сәтбаев университеті – Қазақстан Республикасының ұлттық абыройы, ғылым мен инженерия саласының қолбасшысы. Ол еліміздегі мыңдаған инженерлердің, ірі-ірі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің, көрнекті ғалымдар мен өнеркәсіп өндірісіндегі талантты кадрлардың білім алған ошағы – alma mater болып саналады.

Памяти студентов и преподавателей – участников Великой Отечественной Войны

Памяти студентов и преподавателей – участников Великой Отечественной Войны

Памяти студентов и преподавателей – участников Великой Отечественной Войны

                                                                                          

Шынар Оқашева,
Тарихи мұра орталығы

161
16 мамыр 2018
Наверх