Президент назначил Искандера Бейсембетова ректором КазНИТУ имени К.И. Сатпаева

Ескендір Бейсембетов Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 
Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты. 
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті.
2010
23 қараша 2016
Наверх